Ronaldo vs Messi

Ronaldo vs Messi
жеке
блог

Адам болып өмірге келгеннен кейін көп жағдайларды бастан кешеміз. Қуаныш,қайғы,реніш,мұң,тоқшылық пен жоқшылық барлығы қатар жүреді. Ал абыройы асып,мерейі үстеп болып жүргендердің,бір-бірімен бәсекелес болса да жақсылық жасауда жарысатындары қуанышты арттырады.

Ет пен сүйектен жаралған әрбір адам ұлтына,түр-түсіне қарамастан қайырымдылық жасай алатыны анық қой. Жақында ғана ғаламторды жаулаған ауғаныстандық бүлдіршіннің арманы көп ұзамай орындалғанын көрдік.

Әлемдік футболда әйгілі футболшы Лео Мессидің жасаған әрекеті көпшілікті сүйсіндіре білді. Жалпы,өзімізге белгілі испандық футбол клуб Реал Мадрид пен каталондық Барселона футбол клубы өзара үлкен бәсекелес екені мәлім. Екі клуб кездесетін уақытта адамдар тобы екіге бөлінеді. Қос форвардтың жанкүйерлері де командалары үшін барынша қолдау білдіреді. Кейде қос команданың бәсекелесін саяси жағдайлармен де байланыстырып жататындар табылады.

Меніңше,бұл үлкен қателік. Бәсекелестік болған жерде нәтиже болады. Ойында бөлінсе де өмірде көпке үлгі болып жүрген  жандар екенін өзіміздің де көзіміз жетіп жүр емес пе?! Ұлты мен Діні бөлек дегенімізбен,мейірімділік пен қайырымдылық әр адамның жүрегінде бары анық.

Оған қоса түрлі лақап аттар қойып,мазақ ету де адамгершілікке жатпайды. Қанша өз командаңды жақтасаң да қарсыласыңның намысына тию дұрыс емес. Сен жәй ғана жанкүйерсің,әр нәрсенің шекарасы болатынды ұмытпаған жөн!

 Ендеше алдарыңызға мына бір бейнебаяндарды ұсынамын. Футбол сүйер қауымдардың ықыласы артар деген үміттенемін.