Саны көп, сапасы таяз тележүргізушілер

Саны көп, сапасы таяз тележүргізушілер
жеке
блог

Саны көп, сапасы аз тележүргізушілер

Тележүргізуші, иә, ойымызға дара да талантты тележүргізушілер түскен шығар, сірә. Алайда шарықтаған саны көп телепрограммаларды көріп, іштей қынжыласың. Сапасыздығынан емес әрине, жүргізушілік қабілеті таяз, арнайы журналистикалық білім алмаған шоу бизнес, КВН, эстрада тағы да басқа әлемнен келген тележүргізушілер-мыс. Ал сол хабарды жүргізе алатын талантты да дара, сөз құдіретін төсінетін журналистеріміз қаншама?! Алайда ол хабарларды жүргізуге әншілерді, елге танымал тұлғаларды алуымыз қажет, себебі рейтинг керек деп. Ешкімді қаралап отырған жоқпын, тек астарлап астарлы ақиқатты жеткізген жәйім бар.Көпке топырақ шашардан аулақпыз. Рейтинг керек деп, хабарларды жүргізетін адамдарды осылай ала беретін болсақ, болашаққа сенім білдіріп, тележүргізуші болам деген журналистеріміздің жағдайы не болмақ. 

Әйтеруір бір ретін тауып басқа іспен айналысар, алайда әр заттың өз орны бар емес пе, менің ойымша, болашаққа сеніммен қарау үшін сол хабарларды жүргізуге журналистерді алу керек. Оларға жол ашып, қол ұшын созғанымыз дұрыс.

Сонда ғана біздің БАҚ өкілдеріміздің болашағы нығым болып, телепрограммаларымыздың сапасы да, берер мағлұматы да жақсарар еді