Оқи отырыңыз

Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді

— Редактор бағаны —

Материал жіберу

— Жұлдызды блогтар —

Жасанды түсік - жаһан дерті
Жасанды түсік - жаһан дерті

Автор: Қарлыға Бүйенбай

Статус: Massaget.kz порталының контент-менеджері

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Блогтар / Шоколадтың пайдасы мен зияны

Шоколадтың пайдасы мен зияны

Шоколадтың пайдасы мен зияны

Адамзат баласы шоколад дәмін алғаш татқалы бері осымен екі мың жылдан астам уақыт өтті. Шоколадпен таныстық қазіргі Мексика аумағында басталған.

Ежелгі майя үндістерінің ата-бабасы – ольмек халқы какао дәндерінің ұнтағын шарап немесе сумен араластырып, ваниль, даршын, тіпті қызыл бұрыш секілді дәмдеуіштерді қосатын болған.

Бұл «xocolatl» деп аталған сусынды патшаларға, қадірлі азаматтар мен жоғары дәрежелі дін қызметкерлеріне беріп, құрмет танытатын.

Ал қарапайым адамдар бұл тәттінің дәмін де татпады. Бірнеше ғасырлар бойы шоколад тек таңдаулылардың тағамы боп табылды.

Майя халқы да ата-бабалары секілді бейсбол добына ұқсас какао ағашының жемісін қадір тұтты. Олар бұл жемістерден ащы дәмі бар сусын дайындауды жалғастырды. Алайда ол уақытта «xocolatl» сусыны кеңінен қолданылып, оны патшалар да, қарапайым адамдар да ішетін болды.

Майя жерін жаулап алған испаниялықтар да бұл тәттіден бас тарта алмады. Көп ойланбастан олар сусынды "Theobroma cacao", яғни «құдайлардың азығы» деп атап, оны Еуропаға алып барады. Білімқұмар еуропалықтар ұзақ уақыт бойы бұл таңсық тағамды зерттеп, қасиетін анықтады.

Кейін шоколадпен ауру-сырқаудың бәрін емдейтін болды.

Ал сарай ханымдары біраз уақытқа дейін оны беттеріне жағып, әдемілік үшін пайдаланды.

Алайда уақыт өте келе, Еуропа халқы бұдан гөрі шоколадты жеудің пайдасы мол екенін түсінді.

Жуырда еуропалықтар шоколадтың 500 жылдығын атап өтті. Шоколад жайлы пікірдің өзгергені соншалық, дәрігерлер науқастарға аз мөлшерде шоколад жеудің денсаулық үшін өте пайдалы екенін айтып жүр.

Қорғаныш қасиеті жағынан шоколадтың жасыл алма, қызыл шарап және көк шай секілді бұрыннан белгілі үздік антиоксиданттардан да күшті екені дәлелденді.

Сонымен бірге, бір кесек шоколадтағы калий, кальций, минералды заттар мен дәрумендердің мөлшері бір жасыл алмадағыдан артық.

Тіс дәрігерлерінің «шоколад тіс жегісіне әкеп соғады» деген пікірі де жаңсақ болып шықты. Зерттеулердің нәтижесінде какао майының құрамында антисептиктік әсерге ие заттардың бар екені дәлелденді. Олар эмаль қабатын бүлдіретін бактерияларды өлтіреді.

Шоколадтың құрамына енетін кейбір заттардың әсерінен шоколад жүйкеге оң әсер етеді. Сол себепті, бұл тәттіні жегенде көңіл күйіміз көтеріледі. Зерттеулердің қорытындысына сенсек, америкалық арулардың 18%-ы күйзелістен шоколадтың көмегімен арылады екен.

Десек те, шоколадтың пайдалы қасиеттерімен қатар, зияны да бар екенін ескергеніңіз жөн. Біріншіден, ол өте құнарлы. Шоколадтың азықтық құндылығы сары майдың нәрлілігіне бара-бар. Толықтай дерлік какао майынан тұратын ақ шоколадтың қарасына қарағанда құнарлы екенін ұмытпаңыз.

Шоколадты жеу бет терісіне де әсер етеді. Басқа майлы тәттілер секілді, ол да май бездерінің қызметін күшейтеді. Алайда бұл жеген тәттіңіздің мөлшерімен тығыз байланысты. Көптеген сынақ өткізген ағылшын ғалымдары 4 апта бойы тәулігіне 40 грамм шоколад жегенде оның теріге еш әсер етпейтінін анықтады.

Ал егер күніне 250 грамнан жесеңіз, оның зияны көп болмақ. Сонымен қатар шоколад цитрус жемістері, жаңғақ пен балық секілді аллергия тудыруы мүмкін. Сондықтан дәрігерлер алты жасқа толмаған балаларға шоколад беруге тыйым салады. Жүкті әйелдер мен бала емізетін аналардың да одан бас тартқаны жөн.

Шоколадты қанша мөлшерде жеу туралы қызу дау әлі тоқтаған жоқ. Нақты мөлшері әлі белгісіз. Бірақ барлығы бірнеше текше шоколадтың немесе екі шоколадты кәмпиттің ағзаға еш зияны жоқ деген пікірде.

Дереккөз: potrebitel.ru

7468 12
Рейтинг: +1

Жазылған уақыты: 28 наурыз 2012, 14:32
Тегтер: денсаулық. шоколад. пайдасы.
Пікірлер
+0
28 наурыз 2012, 14:46

мен бәрібір жақсы көрем шоколодты :P

+0
28 наурыз 2012, 14:58

Шоколад жегенде көңіл-күй көтерілгенімен ұзаққа бармайды. Сондықтан да шоколад көңіл-күйді көтеретін 5 тағамның тзіміне енбей қалған. Мен мұны МАССАГЕТТІҢ БАСТАҢҒЫ айдарынан оқып алдыыым :lol:

+0
28 наурыз 2012, 15:00

;)

+0
28 наурыз 2012, 16:33

Беляев, сәлем. шоколадпен таныстық - знакомство с шоколадом ба)) :|

+0
28 наурыз 2012, 17:59

осы жазбаларыңның астын сызбай жазсаңдар көздеріңе көрінби қалама? жоқ, әдемілеген түрлерің ба? кішкене талғам деген болу керек қой!!!

+0
28 наурыз 2012, 18:06

Асылбек аға, бұл білместіктен шығар мен де бір рет соны басып жіберіп, кетіре алмай қалғаным бар. талғамға қатысы жоқ))))

+0
28 наурыз 2012, 18:52

ұрсу тасіліне қарағанда осы Асекең аға емес, әпке ау ))))

+0
28 наурыз 2012, 23:23

Ботик, сеніңде маған соқтықпағаның дұрыс!!!

+0
29 наурыз 2012, 17:05

прости братик

+0
28 наурыз 2012, 18:49

магазиндерге барсам теек шоколадты алам))жақсы көрем!

+0
29 наурыз 2012, 16:59

әдемілеген түрім емес бұл!
осы блогерлер неге агрессия тудыра бастайды. өз басым ұнамаса қарамаймын да пікірімді да жазбаймын... осыдан шыққан ұнамаса қарама деген сөз!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Табиғаттан ем іздегенде керек болатын кеңестер (Байқау)
Табиғаттан ем іздегенде керек болатын кеңестер (Байқау)

Шипалық өсімдіктерді жинау, кептіру және сақтау тәртібі.

It is English Time, learn the language(байқау)
It is English Time, learn the language(байқау)

Ағылшын тілін бірге меңгерейік, кел досым!

Жасанды түсік - жаһан дерті
Жасанды түсік - жаһан дерті

Қазақстанда жыл сайын 15-19 жас аралығындағы 20 мың қыз бала көтереді. Шамамен 10 мыңы...

Бесінші аптаның рейтингі түзілді
Бесінші аптаның рейтингі түзілді

Құрметті байқауға қатысушылар, "Мақсатыңа Массагетпен бірге жет!" байқауының...

Ата-ана - жұмаққа бастар жолымыз!
Ата-ана - жұмаққа бастар жолымыз!

Ана болмаса бұл өмірде рахат өмір сүрмес едің!


Соңғы аудармалар

Мұрагерлер/ Наследники/ The Heirs / Inheritors (6-бөлім)
Мұрагерлер/ Наследники/ The Heirs / Inheritors (6-бөлім)

Ел: Оңтүстік Корея Жанр: мелодрама, комедия Жыл: 2013 Режиссер: Кан Шин Хё Рөлдерде: Ли Мин Хо, Пак Син Хе, Ким Ву Бин, Ким Тэ Хо, Кан Ха Ныль, Вон-Ён Чхве, Сон Ха Юн, Ким Сон Рён, т.б. Аударма:...

Girls Generation – Catch Me If You Can [kaz_sub]
Girls Generation – Catch Me If You Can [kaz_sub]

Girls Generation — 2007 жылы SM Entertainment компаниясы негізін қалаған оңтүстік кореялық қыздар тобы. Топ болып сахнаға шықпастан бұрын да топтың әр мүшесі актриса,...

BTS (Jin, RAP Monster, Suga) - Adult Child [kaz_sub]
BTS (Jin, RAP Monster, Suga) - Adult Child [kaz_sub]

Bangtan Boys, қысқаша BTS — BigHit Entertainment агенттігі құрған оңтүстік кореялық хип-хоп тобы. Топ сахнаға 2013 жылы "No more dream" әнімен қадам басты. Сол жылы-ақ танымалдылыққа ие...