"Тылсым күш"

"Тылсым күш"
жеке
блог

Таңғы ұйқынымнан әлі ояна алмай,мең-зең күйде жатқанмын.Сыртқы есіктің сарт-сұрт асығыс жабылғанынан секем алып,атып тұрдым.  Сөйтсем , анам екен,түрі боп-боз.Әкемнің қолынан тастай қылып ұстап алған жіберер емес. «Қорқып кеттім» деген сөзді сан қайталап айта береді,көздері мөлтілдеген жасқа толы.Даусы дірілдей: «Зират басына барып едім, қатты шошынып қалдым. «О-о, Аллай» деген дауыс  құлағыма ап-анық  естілді»-дей береді.Менің сансыз сұрағыма әкем: «Зират басында рулас ағайдың қабіріне топырақ салмақ болып,алға кеткен,баж етіп кейін қашты»-деп жауап берді. Кейін ұққаным ағайдың қабірінің алдында үлкен жеңгесінің де қабірі болатын,соның қасынан байқамай өтіп бара жатқанда, «Ой-й,Алла-ай!» деген күңіренген дауыс зиратты басына көтерген және белгісіз бір күш еріксіз өз жағына қаратқысы келіп тартқандай болады.Шошынған анам алды-артына қарамастан қаша жөнеледі.

       «Үстіме бейне бір ыстық су құйып жібергендей болды,тұла бойымды игере алмай,басқан аяғым кейін кетіп, үйге әкеңе сүйеніп әзер жеттім,құлағымда күңіренген дауыс әлі тұр,-деді өз-өзіне келе алмай отырған анам.  Содан әкем : «Бұлай болғаны жарамас. Қатты шошынсаң, «қорықтық» құйдырғанымыз жөн болар»- деді. Мен де әкемді құптадым. Ауылымызда Разия есімді апай бар болатын. Бірнеше жылдан бері көрші тұрамыз.Сынық сипайтын,қазақы ем-дом жасайтын қасиеті болатын. Сол кісіні шақыртып,  «қорықтық» құйғызған едік. « Қорықтықты»  қорғасыннан құяды екен. Қорғасынды ерітіп, анамды құбылаға қарата отырғызып құйған,құдайдың кереметі,қорғасын кенет өзінен-өзі бірігіп , суретке айналды. Суретте зират басындағы ай белгісі мен жүрек бейнесі шықты. Жүректе аздап тыртық салынған. Бұдан бұрын мұндай нәрсені көрмеген мен аң-таң күйде сілейіп қатып қалыппын.

-          Қорғасын белгіні орамалға орап,кейін ағын суға ағызарсың,қашан қорқынышың басылғанша жастығыңның астына қойып жат,-деп Разия апай кетті.Осыдан кейін анам өзіне-өзі келіп,үй шаруасына араласып кетті.Бұл күнде бұл оқиға ұмыт болды,бірақ менің ойым сан-сақта.Дүниеде бізге белгісіз тылсым бір күштің бар болғаны ма,сонда...