Телефон-түрме

Телефон-түрме
жеке
блог

Осы түрмеге қандай қылмыс жасап түскенімізді білмейміз... Бірақ қамалғанымыз анық. Қай статьямен екенін де белгісіз. Қанша жылымызды өтедік және қанша жылымыздың қалғаны да беймәлім. Шындығы сол,"өз-өзімізді" қамадық. Және бостандыққа шығу үкімін тек өзіміз шығарамыз... СИПАТТАМАСЫ: 
Бұл түрмеде: 
1. "Wİ-Fİ" мен отыратындар - "VIP" камера
2. "4 G" мен отыратындар - 1 санатты камера
3. "3G" мен отыратындар - жалпы режимдік камера ( орташа )
4. "Е" мен отыратындар - төменгі санатты камера.
ЕРЕКШЕЛІГІ: 
1. Камера санаты жоғары болған сайын, бостандыққа шығу ықтималдылығы азаяды.
2. Туған-туыстарымен көрісіп, тілдесу күні - қуат көзі өшетін күн. 
3. Жас шамасы маңызды емес. 

Ерболат Қайыржанұлының фейсбуктегі жеке парақшасынан