Кімге ұтымды?

Кімге ұтымды?
жеке
блог

Егер баға қымбаттайды деп өзіңізді сендірсеңіз, баға міндетті түрде қымбаттайды.

«Инфляцияның бірінші заңы»

Экономиканың даму циклы дамыған елдердің басқаруында болады. Ал дамыған елдерде қаржы айналымы шартты бағамдағы валютамен жүретіні белгілі. Бүгінде біздің елде шығын теңгемен, ал табыс долларда болып отыр. Демек, мұнай, металл және дақыл экспорттаушылар дағдарыстың иісін сезбесе, елге тұтынушы тауарларды жеткізетін кәсіпкерлер (импорттаушылар) ұтылады. Бұл кімге ұтымды?

Айтқанымдай, алдымен импортпен айналысатын бизнесмендер зиян кешеді. Себебі сыртқы сауда АҚШ долларының құнымен өлшенсе, импорт теңге межесінде жүреді. Неліктен? Сонымен талдап көрелік.

Елімізге кіргізілетін тауарлар бағасы артса, жалпы ішкі өнімдегі валютаның (біздің елде - теңге) құны төмендейді. Ал ел азаматтарының тұтыну деңгейі керісінше өседі.

Бұл ел экономикасына әсер ете ме?

Көбіне мемлекеттік қаржы қорларына пайдасы тиеді. Айта кетсек, Ұлттық банк қызметкерлері теңгенің құнын тұрақты ұстап тұру үшін әдетте валютаны биржада үнемі айналдырып (сатып алып және сатып) тұруы тиіс болады. Ал АҚШ пен Қазақстанның жалпы ішкі өнімдерінің (ВВП) көрсеткіші әртүрлі болғандықтан, Ұлттық банк тұрақтылықты сақтау үшін биржа айналымында үнемі артығымен төлеуге мәжбүр болады. Ал девальвация кезінде онсыз да құнсызданатын теңгені ұстап тұру мүмкін болмағандықтан, Ұлттық банк биржадағы салымын уақытша тоқтатады, яғни артық төлеуден уақытша құтылады.

Сонымен қатар, теңгенің құнсыздануы монополиялық өндіріс орталықтарының шығынын көбейтіп жібереді. Олар да, өз кезегінде, девальвация толқынынан аман қалу үшін ішкі өнімнің тарифін (өзімізде өнідірілетін тауар бағасы) өсіреді. Бұл отандық өнімнің қымбаттауына алып келеді.

Банктерге ұтымды бола ма?

Банктер де шығынды болады. Себебі қаржы орталығының сыртқы инвесторлары өз еншісін АҚШ долларымен сақтайды. Себебі АҚШ долларының құны тұрақты өсіп отыратынын олар жақсы біледі.  Ал банк, өз есебінен, құнсыздану иіріміне түсіп қалмау үшін несиені тек ұлттық валютаның (теңгемен) құнымен береді.

Ресейдің рублі зиян шекті ме?

Ресей рублі бір жылда екі рет құнсызданып, қайта қалпына келді. Бұл қаржы айналымындағы ұтымды әдістерді бірі болып табылады. Айта кетсек, девальвацияның әсерінен ресейдің ішкі тауарларына деген сұраныс азая түсті. Дегенмен, жалпы елдегі ақша айналымы бірнеше есеге асқан. Мысалы, Қазақстан азаматтары Ресейден көлік сатып алу арқылы қаржы дағдарысына тап болған орыс үкіметіне қысқа мерзім ішінде 30 миллиард теңге көлемінде қаржы құйды. Бұл тек авто нарығында ғана. Осы сынды қаржы операциялары елдің ішкі айналымын көтеріп жіберетіні сөзсіз.

Девальвациядан аман қалуға бола ма?

Жаһандану кезеңінде бұл мүмкін емес. Дегенмен техникалық тұрғыдан доллар құнын 100 теңге көлемінде ұстап тұруға болады. Ал ол үшін барлық қорымызды әлемдік биржаға беруімізге тұра келеді (Бұл туралы жоғарыда айтып өттім).

Осыдан бір жарым жыл бұрын 1 АҚШ доллары 152 теңгеге тең болған. Ал өткен жылдың ақпан айында бірден 20%-пайызға өсіп кетті, яғни 183 теңгеге жетті. Бұл ненің есебінен болып отыр? Жоғарыда экономикалық даму циклын дамыған елдер басқарады дедік. Себебі үлкен инвесторлық қорлар және биржа айналымымен өсіп отыратын қаржы аударымдары сол елдердің еншісінде. АҚШ долларын дамушы елдермен қатар дамыған елдер де шартты бағам ретінде қабылдағандықтан (1947 жыл – Маршалл жоспары), құнсыздану үдерісіне ілікпейді. Себебі дамыған елдер доллар құнын төмендетуге әрекет ететін болса, өз елінде де девальвация болатынын біледі. Сол себепті Еуропа Одағы 2001 жылы еуро валютасын аймақтық айналымға енгізді. Басты мақсат – АҚШ долларына тәуелділіктен арылу. 

Еуро туралы келесі жолы сөз қозғармыз ...