Ерекше қызығушылығым (эстафета)

Ерекше қызығушылығым (эстафета)
жеке
блог

         Бүгін маған Мұқағали деген жігіт эстафета тізгінін ұстатты. Әр жазбама сын айтып, комментариймен атысып отыратын Мұқағалидың маған эстафета ұсынуы таңғаларлық жайт негізі)))

поэзия

         Сонымен, менің ерекше қызығушылығым...ең алдымен поэзия! Өлеңді мәнерлеп оқығанды, мағыналы,мазмұнды жырлар болса көпшілікпен бөліскенді ұнатамын! Поэзиядан қуат аламын, жігерленемін, кейде тіпті алға мақсат қоямын.

спорт

         Спортты сүйемін! Әсіресе көңілім орнымда болмаған сәтте, ашуланғанда, қандай да бір қателік жібергенде далаға шығып, тоқтамай жүгіріп, кейде спортзалға барып, допты бар күшіммен тепкім келеді-ай бір)))

велосипед

         Бұл да спорттың түріне жататын шығар, бәлкім? Бірақ жеке тоқталған дұрыс деп ойлаймын. Велосипед тепкенді өте қатты жақсы көремін. Сол үшінде көктемді асыға күтем, қырсыққанда Қарағандының қысы алты айлап жатып алады(( биыл тіпті ұзаққа созылды(

музыка

         Ән тыңдау...кейде әні ұнаса болды, сөзін өзім өзгертіп, өңдеп алатыным бар) оны плагиат дей ме?))) бірақ тек өзім үшін,әрине. Әннен өзімді тапқым келеді, әнді тыңдағанда тура менің өмірім туралы айтып жатқандай күйде болғым келеді, тіпті ән тыңдап отырып біраз дүниенің шешімін шығарып тастайтын кездер де болады.

тембр голоса

         Дауыс тембрына арналған жаттығулар. Мамандығым журналист болғандықтан шығар, айнаның алдында отырып түрлі мәтіндер оқып, пародия салып, дауыс ырғағын қалыптастыруға аса мән беремін.

         Кітап оқу, сюжет түсіру, стэндап жүргізу, суретке түсу, би билеу, қыдыру, дүкен аралау...тағы сол сияқтыларды жазбай-ақ қояйын,иә?

         P.S. Жұрттан ерекше қызығушылық емес болар, деседе мені алға жетелеуге, өз ойымды жинақтауға септігін тигізер дүниелер осы...

         Эстафета тізгінін Inabat Aldiyar мен Kerim Ayankyzyнa жолдаймын.