Ата заңымның анасы болған дәстүрім...

Ата заңымның анасы болған дәстүрім...
жеке
блог

Ата заңымның анасы болған дәстүрім,

Ата салтында – ғажайып ғұрып, жақсы ырым.

Ата бабамның ақ отау, алтын бесігі –

Атамекенім! Алладан соңғы басты ұғым!

     Халқымыздың баға жетпес алтын мұрасы, келер ұрпақтың санасын оятып, рухын биіктететін ұлттық құндылығымыздың бірі-салт-дәстүр. Бүгінде атадан балаға аманат болып отырған дәстүрдің шеті мен шегі жоқ. Дегенмен кейбіреуінің орны көмескіленіп бара жатқандай. Олардың барлығы туралы айта берсек таусылмас жыры көп. Бірақ "Тәрбие басы тал бесік" демекші бесікке салу дәстүріне тоқталмасақ тағы болмас.

     Тәрбиеміздің түп қазығы, дүниеге келген нәрестені "Бесікке салу" деген керемет дәстүрден басталады. Бесікке салудың ұрпақ тәрбиесі үшін пайдалы жағынан басқа айтар әңгіме де жоқ. Сәби дүниеге келгеннен кейін, кіндігі орнына түскен кезде бесікке салады. Бесікке бөлемес бұрын оны аластап, тазалап, кейін "тыштырма" жасайды.Жалпы қазақ деген халық ырымшыл келеді ғой, бесікке баланы бөлеу көбінесе көпті көрген ақжаулықты әжеге табысталады. Бесікке бөленбеген бала ұйықтаған кезде өз қолынан өзі шошып оянып кетуі мүмкін, сондықтан бесікке жатқан нәресте таза, тынымды (сабырлы) болып өсуімен қатар, жайлы ұйықтайды. Бұл дәстүрдің артықшылығын ата-бабамыз сонау ерте заманда-ақ білсе керекті.

 

Шариятымды, ар-ұятымды шаң басып,

Шаңырақ қалды. Шежіре сырдан шал қашып.

Шала білетін ұлтымның ұлық тарихын,

Шалағайлар жүр ата дәстүрден алжасып,еп Қалқаман Сарин айтпақшы қазір бұл дәстүрді қолданатындар да, сонымен қатар ескінің көзқарасы, зиян деп қарайтындар да баршылық. Олардың бұл әрекеті ата-дәстүрге деген сыйластықтың жоқтығы.  

Бала бөлеу—сұмдық!— деп, шүйіліпті.

- Іні де, қарындас та, ағай жатқан,

Біз түгіл бұл бесікте Абай жатқан,

Тал бесік пәле болса...ғасырлардан демекші, бүкіл тәлім-тәрбие, ұлттық ұлағат бесіктен басталатынын, сан ғасырлық ұғымдарды, дүниетанымды сақтап алып бүгінге жетіп отырған бесік, расында да, ұлт руханиятының бастауы екендігін бүгінгі жастар білсеші, шіркін...!

      Өр намысты ержүрек тұлға Бауыржан Момышұлы: "Жаудан да, даудан да қорықпаған қазақ едім, енді қорқынышым көбейіп жүр. Балаларын бесікке бөлемеген, бесігі жоқ елден қорқамын..." деген екен терең толғаныспен. Шындығында да, бүгінгі бесікке бөленбей өскен бала, ертең қандай болып ержетеді? Елге, жерге деген сүйіспеншілікті сезінбей өсетін ұрпақтай көрінеді маған. Дәстүрімізді өзіміз ұлықтамасақ, басқа жұрт қайдан құрметтесін? Біз қазақпыз, өзгеге еліктегенмен ондай бола алмаймыз. Керісінше осынша құндылықтарымызбен мақтануымыз қажет.

     "Ұлттық тағамымызды мына ел біздікі деді, ұлттық биімізді анау ел біздің би деді" дейміз...әлде біздің ұлтқа деген жанашырлығымыз, намысымыз біреу бір нәрсемізді біздікі дегенде ғана оянады ма?  Мүмкін өзге халықтың бұл дәстүрді біздікі дегенін күтіп отырған болармыз...