Танымал болу туралы ойламаған...

Танымал болу туралы ойламаған...
жеке
блог

    Ғаламтор, әлеуметтік желі...бір бас сұқсан болғаны алдында қадалып отырғаның. Рас, осы бір ғаламтор деген нәрсе санамызға сіңіп, өміріміздің бір бөлшегіне айналғалы қашан. Дегенмен осы ғаламтордың жақсы, жаман жағымен қатар танымалдыққа да үлкен әсері барын кім білген...

         Бірде "Вконтакте" желісіндегі топтардың бірінен ерекше бір суретті көзім шалып қалды. Мағыналы, ой салатын сурет екен. Көп өтпей суреттің авторы туралы мәлімет те жарияланды. Қазақ қызының сондай суретті сөйлете білетін өнеріне таң қалдым. Оның суреттері тек Қазақстанда ғана емес, басқа шет мемлекеттерде де танымал екені белгілі. "Мамам мені өлтіретін шығар" суретінің өзі әлемнің сегіз тіліне аударылған екен.

Сонымен қатар Аңсаған Мұстафаның Бразилиядағы ең танымал суреті "Тазалық".

Қазақтан шыққан суретші Аңсаған Мұстафаның танымал болуына да әсерін тигізген әрние, сол ғаламтордың пайдалы жағының тағы бір көрнісіндей.

     Жалпы қарап отырсаң ғаламтор арқылы танымал болып жатқан адамдар аз емес...оның кейбіреуі кездейсоқ, тіпті танымалдық туралы ойламаған адамдар. Солардың қатарында қарапайым жұмысшы Айдос Орынғалиевта бар. Атырау өңірінің тумасы бимен арнайы айналыспағанымен, кәсіби бишілерден кем қимылдамайды десек те болады. Айдостың жұмыс орнынан түсірілген бұл бейнежазба  шетелдік жұртшылықтың да назарын өзіне аудартты.

     Ал өнерімен тағы да ғаламторды шулатқан мына бір жігіт туралы не дейсіздер?

     Аты-жөні Нұрым Қуаныш. Оның ғаламтордағы бейнебаяндары бір-екеумен шектелмейді. Өзінің дауысы да керемет. Ғаламтор арқылы танылған Нұрымды жақынырақ білу үшін бірнеше бағдарламаларға да шақырды. Ол да өзінің ғаламтордағы бейнебаяндары туралы кейіннен білгендігін және танымал болу туралы ойламағандығын айтқан болатын. Сондай-ақ бейнебаянға жазылған пікірлердің арасында Нұрымды "Украина мое талант" жобасының кастингіне де шақырғанын байқайсыздар.

     Ия, заманымыз дамып, күннен-күнге жаңа технологиялар ойлап табылып жатыр. Бүгінгі күннің жетістігінің бірі ғаламтор арқылы танымал болып жатқан адамдардың қатарында қазақтардың да бары және елдігімізге нұқсан келтіретін нәрселермен емес, осындай таланттарымен таң қалдырып жатырғандығы еріксіз қуаныш сыйлайды екен.

     Әлемге қазақ деген халықтың да даралығы мен өзіндік ерекшелігі бар екендігін ғаламтор арқылы болса да тағы бір рет дәлелдегендейміз.