Даулы көйлектің түсі қандай? Ақ-сары ма, әлде көк-қара ма?

Даулы көйлектің түсі қандай? Ақ-сары ма, әлде көк-қара ма?
жеке
блог

Бүкіл интернет қолданушы қауымды екі лагерьге бөлген түсініксіз көйлектің әңгімесі аяқталған сыңай танытады. Бұл даудың соңғы нүктесін вашингтондық университеттің нейробиологы, Джейн Найтц қойып, мәселені айқындап берді.

Барлығы көздің ішіндегі тор қабатына қандай ұзындықтағы жарық толқындарының түскеніне байлынысты. Мидың артындағы мишық бөлімі адам қарап тұрған заттан қандай түстегі жарық шағылысатынын талдайды. 

Найтц 30 жыл бойы адамдардың жарықты қабылдаудағы жеке айырмашылықтарын зерттеген. Және оның айтуы бойынша осы "Даулы көйлектің" түстері жарық қабылдау айырмашылығының ең айқын мысалы екен. Айтпақшы, нейробиолтың өзі көйлекті ақ-сары күйде көреді.

Оның айтуы бойынша, адамзат заттардың түстерін күндізгі жарықтың әсерінде көруге үйреніп кеткен. Алайда, бұл түс таң атқанда, күн батқанда және түнде өзгеріп тұрады. Көру системасы бұны ескеріп тұрады, сондықтан біздің миымыз кез келген уақытта шағылысатын жарық болғанда заттың түсін анықтай алады. Дегенімен, осы суреттегі сияқты мысалдарда шатасып қалады. Сондықтан, койлекке қарағандар көк түсті қабылдамай, ақ және сары түсті көреді немесе сары түсті елемей көк пен қара көреді. Яғни, артқы фонды ескерген немесе ескермегенге байланысты. Егер адам артқы жақтан күн түсіп тұр деп ойласа, онда көйлек логика бойынша көлеңкеде тұр. Сондықтан да ақшыл жерлері көгілдір болып тұрған тәрізденеді.

Бірақта, тек бірімен ғана келісуге болады және ақ көйлекті көретіндердікі қате дейді ғалым.

Дегенімен, қайсысына сенуге болатынын кім білсін?