Көркемөнердің бағасын кім береді?

Көркемөнердің бағасын кім береді?
жеке
блог

Голливудтың фильмдерінен көріп келе жатқан көріністі бейнелейін: Әл-ауқатты, көп жағдайда кәрі жастағы адам өте қымбат бағаға бір жауһар сурет сатып алап жатады. Бір қарағанда ешқандай ерекшелігі жоқ, жай сурет. Бірақ неге сонша көп қаражат төленеді? Оның бағасын кім қояды? Неге оған жауһар деген атақ берілді? Әлде мен бір-нәрсені түсінбеймін/көрмеймін бе? Мені көптен мазалаған сұрақтардың бірі осы.

Қаңтардың ызғарлы күндерінің бірінде Вашингтонның метро бекетінде бір бейтаныс кісі жайғасып, скрипкада ойнай бастады. Келесі 45 минут бойы бейтаныс 6 шығарма ойнады. Осы уақыт арасында оның қасынан  мыңнан астам жолаушы өтті, жұмыстарымен асығыс жағдайда.

3 минут өтісімен, музыкант өзінің алғашқы тыбысын тапты. Асығып кетіп бара жатқан әйел басын бұрмай сырнайшыға қаражат тастап кетті. Алайда, музыканттың өнерін шынайы бағалаған тек 3-жасар бала ғана болды. Анасының жетегінде келе жатса да қайта-қайта басын бұрып, анасын жолдан алып, мазалады. Шығарма ұнап қалса керек.

Қалай болса да, бейтаныс скрипашы Джошуа Белл - дүние жүзіндегі ең танымал және дарынды скрипкашы екенін ешкім аңғармады. Ол скрипка саласындағы қиыннан қиыстырылған, екінің бірінің қолынан келе бермейтін шығарманы ойнапты. Ал қолындағы құралы ретінде “Страдивари” скрипкасын қолданыпты (Дүние жүзіндегі ең қымбат скрика, құны - $3.5 млн. ).

Оқиғаның қызықты сәті осыдан екі күн бұрын болған Джошуаның сауық кеші. Джошуаны тыңдау үшін қоғам өзінің $100 оңай-ақ айырылуға келіскен. Сауық кешінде зал аузы-мұрнымен толып, аншлаг орнаған.

Ендеше, неге Джошуа метро станциясында сондай мәртебеге ие бломады? Адамдардың музыкаға деген көзқарасы лезде өзгеріп кетті ме?

Негізінде, бұл жүргізілген тәжірибе “Вашинтон пост” газетінің қоғамдық экспериментінің бір бөлігі болатын. Олардың тәжірибе жүргізу қағидаты кеесі болған: Жай күндері, қолайсыз жағдайда Адамзат шынайы көркемді айырып тани ала ма?

Осы экспериментте менің мақаланың басында қойған сұрақтарыма жауап таптам. Өнерде қатып қалған “критерий” жоқ. Әрбір жеке тұлға өнерді өзінше бағалайды.