XXI ғасырдың үздік 5 фильмі

XXI ғасырдың үздік 5 фильмі
жеке
блог

Қазіргі кезде киноиндустрия саласы күн сайын дамып келеді және көптеген фильмдер пайда болып жатыр. Өкінішке қарай, олардың барлығы есімізде қалмайды. Осыған себеп болған әртүрлі факторлар бар. Бұл мақалада мен ХХI-ші ғасырдың үздік 5 фильм жайлы айтқым келіп тұр.

 5. 1+1 (2011)

 Фильмнің 112 минуты бойында сіз қоймай күліп отырасыз және қарап болғаннан соң да,сізді көтеріңкі көңіл-күй күтеді.  Менің ойымша,фильмнің жетістіктері актерлердің жақсы ойнауында және көңілді әрі мейірімді желісінде. Біріншіден, Дриссті ойнаған Омар Си, менің ойымша, комедияларда ойнаудың межесін қойды, және екіншіден оның ашық жарқын күлкісі барлығына да ісер етті. Фильм өмірде болған оқиғаны баяндағаны да қосымша салмақ қосады.

 4. Остров Проклятых (2010) 

 Оскар жүлдесінің иегері, Мартин Скорсезенің тағы бір керемет жүмысы. Леонардо Ди Каприомен кинокөрермендерінің сүйіп көретін дуэтінің жарыққа шығарған кезекті туындысы. Фильм бойынша, дәрігерлер емделушілерінің жазылып кетуіне көп үлесін қосады, бірақ Скорсезенің дарының күші соншалықты, осы жасырын ойды кинокөрермендерге тек қана фильмнің соңғы минуттарында айқын көрсетеді. Соңы ашық көрсеткен, сондықтан да әр көрермен оқиғаның қорытындысын өздері ойлап алады. 

 3. Властелин колец 3: Возвращение Короля (2003)

 Мен Питер Джексон алдында басымды иемін, өйткені осы фильмді жарыққа шығару үшін көптеген жұмыс талап етілді. Батыс классикасының ең керемет үлгілерінің негізінде түсірілген фильмі, көрермендерді біріншіден жақсылықпен жамандық арасындағы шайқастарымен ғана емес, бірақ кішкентай хоббиттің адамзатты сақтап қалу мақсатындағы ұзақ жолымен жүрегімізде қалып қалады.

 2. Начало (2010)

 Кинотеатрдан шыққаннан кейін, фильмнің барлық айла-әдістерін ойлап, ұзақ ойға кеттім. Меніңше, Кристофер Ноланның осы фильмі, көрерменді шыңайы ойландыратын фильмдердің бірі. «Начало»- қазіргі заман кинематографының күшін көрметіп қана қоймай, әр адамның өзің-өзі тануына да көп үлесің қосады. өйткені, фильм көрермендерді осы әлемдегі орны туралы ойлауға шақырады.

 1.Темный Рыцарь (2008)

 Осы рейтингіде Хит Леджердің жұлдызы жарқ етіп шыққан фильм бірінші орынға ие болады. Оған қоса көптеген дарынды кино жұлдыздарымен бірге түсірілген фильмде кейіпкерлер бір-бірін толықтырып отырады. Осы фильм ең күшті адамның да рухын сындыруға болатынын көрсетеді, бірақ сонда да адамзатқа әлі де үміт артуға болатының талқылайды.  

Сурет: walls-inc.net