«Дәстүрлі емес діни ағымдар және жастар»

«Дәстүрлі емес діни ағымдар және жастар»
жеке
блог

Қазақстан басшылығының басты мақтанышы ұлтаралық, дінаралық келісім болып саналады. Оған дәлел сансыз ұлттар мекендеген елімізде осы жиырма үш жыл аралығында ешбір көтерілістер, ұлтаралық жанжалдар тіркелмеді. Алайда, қазіргі уақыттағы еліміздегі дінде өзекті мәселе болып отырған негізгі мүшкіл жағдай — халық арасында тарап жатқан кейбір теріс ағымындағы діндердің қоғамда орын алуы. Осындай мәселелердің орын алмауы мақсатында әр облыста, ауданда қоғамдық ұйымдар, қорлар жұмыс істеп жатыр.
«Зерделі ұрпақ» жастар қоғамдық бірлестігі ағымдағы жылдың 7 қараша күні «Нұр Отан» партиясы Ақмола облыстық филиалының мәжіліс залында «Дәстүрлі емес діни ағымдар және жастар» тақырыбында «Еріктілер мектебіне» семинар – тренинг өткізіді.
Семинарда «Зерделі ұрпақ» жастар қоғамдық бірлестігінің төрайымы Айжан Мухаметалиева, психолог Екатерина Кургина, «Жас Отан» жастар қанатының белсенді жастары және «Еріктілер мектебінің» жастары қатысты.
А.Мухаметалиева семинар жұмысын жүргізіп, дәстүрлі емес діни ұйымдар жайлы ақпарат ұсынды. Осы орайда, әсіресе, діни экстремизм көріністерінің алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар зерделене түскені құптарлық. ҚР «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңына қысқаша тоқталып кетті. Бұл діни бірлестіктердің заңды түрде жүргізілуіне және кейбір тіркелмеген ошақтардың жабылуына мүмкіндігін тигізді.
«Қуанарлық жағдай, ол – діннің қайта оралуы. Өкінішке орай, дін ағымдарының теріс жақтары туындауда. Сондықтан ата-бабаларымыз ұстанған дінді құрметтейік, себебі ол – ақ жол, ақиқат жолы» - деп сөзінде психолог Екатерина Кургина жастармен тренинг өткізді.
Арнайы маман иелері жастардың дәстүрлі емес діндерге өтулерінің әлеуметтік және психологиялық себептерін атап көрсетті. Теріс діни ағымның құрбаны болатындырдың басым көпшілігі діни сауатсыз жастар. Осы орайда болашақ мектеп бітіруші жастарға діни ағымдар жөнінде кеңінен мағлұматтар берілді. Бейне роликтар көрсетілді.
Жастар тәрбиесі қай заманда да қоғамның өзекті тақырыбына айналған. Халық даналығының: «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың», -деген нақылы осыдан қалса керек. Ал, бүгінгі өскелең ұрпақты ата-салты мен дәстүрінен алшақтататын адастырушы ағымдардың айы оңынан туып тұр. Мұның салдарынан бұрын баласы дінге берілсе қуанатын ата-ана қазір қорқатын дәрежеге жетті. Тек жат пиғылды ағымдардың жетегінде кетпей ақ пен қараны ажырата алған жөн.