Бітіріп барамыз ба...?

Бітіріп барамыз ба...?
жеке
блог

Бітіріп барамыз ба...?

4 курс студентінің шері 

Еееееее..
Бітіріп бұл күнді де барамыз ба,
Құдай-ау, есейдік пе, баламыз ба?!
Ән айтып, өлең оқып бір бұрышта,
Мұң шағып отырушы ек қара қызға.

Төрт төсек бір тағдыр ғой түйіскенде,
Кешіріп жатушы едік кейіскенде.
Жаныма жақын болған жатақхана,
Бақтты ек балконыңда сүйіскенде.

Төрт жылым терге малған шерге малған,
Жоқ шіркін, сендік болған менде де арман!
Бал күндер, студенттік шағым менің,
Сырым да, жырым да екеш сенде қалған.

Әреке, сенің шашың, менің әнім,
Енді жоқ! Кетеміз біз оғыланым.
Бітіріп барамыз ба шыныменен,
Шер аға, шер тарқатпай не қыламын.

Шұлықтың елемейтін тесігінде,
Ып-ыстық құшақ құшар төсі күнде.
Масайып келген кезде отырушы ем,
Қара қыз өлең оқып есігіңде.

Кетеміз. Ех, қайтейін, сары уайым...
Сағындыр! Сағындыршы сағынайын.
Патшаның дастарханы секілді еді,
Қойылса екі жерден сары майың...

Айрылып бара жатыр төсім неге,
Күрең күз күңіреннтім, кешір деме.
Әмірхан әлеміне шақырған күн,
Құрдас-ау, сол Маркова есіңде ме?!
Сырасын сімірді де қолын сілтеп,
Өмірге, кетіп қалды есіл неме...!!!

Бітіріп шыныменен барамыз-ау,
Қалдың ба сағыныш боп қара қыз-ау...
Кезекші «кетіңдер» деп қумай тұрып,
Жігіттер, біраз ұйықтап аламыз-ау.

Қанша ма өлең қалды оқылмаған,
Өмірдің енді жолы тақыр маған.
Сұлулар қалып кетті ей, қанша бізді,
Шайына, бөлмесіне шақырмаған...

Сол бір шақ патша көңіл тақтан таймай,
Тал түсте біздер үшін атқан таңды-ай.
Бір өлең оқып беріп бір айға деп,
Сабаққа бармай шікрін, жатқан қандай!

Ей, уақыт!
Өттің неге алып –ұшып,
Дедің бе жүрсе екен деп сағынысып.
Кеттік біз, шар айнаға кеше түскен,
Жарықтай бір сәт ғана шағылсып.

Ееееее...
Бітіріп солай досым, барамыз ба?!
Сағыныш хатын жазып қара қызға.
Он жеті итермесе кеудемізден,
Жігіттер, магистрант боп қаламыз ба...?!