Келімбетов "көкемізді" танытты

Келімбетов "көкемізді" танытты
жеке
блог

Күні кеше тіліміз келетіні де, келмейтіні де, оның не екенін білетін де, білмейтін де қораға өрт түскенде «девальвация» деп шу ете қалдық. Оның не екенін, соңы неге соқтыратынын білетіндер кәлимасын қайтарып, әжептеуір әбіржіпте жатыр. Бұл атаудан онша хабары жоқтар шекілдеуігін шағып әлі бейғам жүр. Қош, бұл тағы не өзі?

            Девальвация латын тілінен аударғандағы мағынасы  de - күшін жою; valeo — мәнді, құны бар дегені, яғни - халықаралық қаржы нарығындағы, ұлттық қаржы курсынын төмендеуі, қаржы резервінің азаюы, мемлекеттің төлейтін балансы және тез арадағы сауданың төмендеуімен байланысты, ұлттық ақша бірлігінің тұрақты құндылығының төмендеуі, құнсыздануы дегенді білдіреді.

Бүгінгі күні, бұл термин валюта курстары белгіленетін, яғни фиксацияланатын жүйелерде ұлттық валюта курсының қатты валюталарға (мыс. АҚШ доллары, еуро) қарағанда ресми түрде азайтылуын білдіреді.

Әдетте, елдің сауда теңгерімі мен төлем теңгерімінің күрт нашарлауының, валюталық сақтық қорлардың (еркін айналыстағы шетелдік валюталар қорының және халыкаралық шарт негізінде шетелдегі шоттарда және халықаралық валюталық-несие ұйымдарында, мыс., Халықаралық валюта қорында, құрылған арнаулы сақтық қаражаттың, сондай-ақ шетелдік банкнотмонета, т. б. қорының) сарқылуының, халықаралық нарықтарда ұлттық валюта бағамының құлдырауының салдары болып табылады.

Міне енді білген шығарсыз, оның қандай сұмдық екенін. Оның халық үшін әкелер зияны шаш етектен. Бір ғана мысал осы күндер ішінде тауарлар бағасы 20 пайызға жоғарылады. Ол халықтың қалтасына оңай тимесі анық, сонымен бірге артықша пайда іздеген көтеген ірі сауда орталықтары уақытша жабылуда, ол дегені тауарлардың шектеулі сатылымына алып келеді. Мұндай жағыдай ел тәуелсіздігінің алғашқы жылдарында болып өткенін білеміз. Ал, жоғарыдағы «көкелер» халықты тағы сабырға шақырып әлек, сондағы сылтаулары: «бағаның өсуін ұстап тұрамыз». Ия, сенуге болады. Кеше ғана бірнеше кәсіпкер оның жауабын да беріп үлгерді, айтуларыншы импорт тауарлардың бағасын ұстап тұру мүмкін емес, яғни шеттен тауарлар бізідің «сорлы» тенгеге емес, Вашингтонның суреті басылған доллорға алып келінеді.

            Халыққа қиын, халыққа. Ашыныпта жатыр. Ашынғанынан бір топ халық өкілі сол күні ақ Ұлттық банкке «шауып» барды. Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетов орнына «замы» шығып жауап берді.
 Барғанда не пайда тағыда «өтірік» есітіп қайтты. Сыртқа шаққан соң ғана айтылған сөз өтірік екенін сезді мен әкімдікке қарай «шапты». Қызық олардан бұрын барлық уақытта халық ойын «анық» білетін полейцейлер олардан бұрын әкімшілік үйінің алдынан табылды. Барғаны құрсын Есімов мырза өзі көрінбек түгі, есігін де көрсетпеді. Қорыққанға қос көрінеді дегені рас екен. Осы күні Алматыны қақ айыра жүйткіп жүрген елуден астам әскері техниканы халық көрді. Ізін ала оның дайындығын өтеп жүрген әскери топ екенін білдік. Тағы кім білсін, неге «жүйткіп» жүргендерін???

Қызық. Осыдан біршама уақыт алдын елдің бас банкирі Келімбетов  мырзамыз осындай жәйттің ап анық болмайтынын өте дәлдікпен болжап еді. аузын жиып үлгермей ол жағадан алды. Халық негізі біледі, жапа тармағай көтерме саудада жүргендеріне қарағанда, бір сұмдықтың болары анық. 

Тағы бір ойландыратын жәйт, шеттен алған қарыздарымызды қайтеміз. Оны талап етушілер тағы сол Вашингтонның суреті бар ақшмен сұрайтын шығар. Онсыз да қарызын төлей алмай отырғанда, үстіне қосылған пайызды қайтер екенбіз. Мүмкін халық бірдене қылар... .