Қазақстандық фильм Данияда бақ сынап жатыр

Қазақстандық фильм Данияда бақ сынап жатыр

Режисер Эми Байғазиннің "Үйлесім сабақтары" фильмі V CPH:PIX Халықаралық кинофестивалінің негізгі бағдарламасында бақ сынайды. Жиын үстіміздегі 2013 жылдың 11-24 сәуір аралығында өтеді.

Айта кетелік, CPH:PIX кинематограф әуесқойларына арналған ірі даниялық жоба болып табылады. Фестиваль 2009 жылдан бері өткізіліп келе жатыр. Ұйымдастырушылар жас режисерлерді әлемге танытуды мақсат қылады.

Бұл жылғы шараға 170-тен астам фильм қатысады. Көрсетілімдер елдің ең ірі кинотеатрларында өтеді. Фестиваль даниялық режисер Михаэль Ноэрдың «Northwest» картинасымен ашылды.

"Үндестік сабақтары" атты киножоба Локарнодағы Open Doors форумында көрсетілді. 2011 жылы жоба "Қазақстандық киножобалар сатылымында" (Spotlight: New Kazakh Cinema) жеңіске жетті. Содан кейін көп кешікпей Ш. Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясынан шығарыла бастады. Фильмнің продюсері Анна Качко ("Жаужүрек Мың Бала", "Байқоңыр") - Еуропалық кинопродюсерлер қоғамының мүшесі.

"Әлемдік кино қорының" сыйлығы бұл фильмнің жалғыз жетістігі емес. "Үйлесім сабақтары" Сараевта өткен 18-Халықаралық кинобайқауда Work-in-Progress бағдарламасының бас жүлдесіне ие болды. Немістің жетекші Post Republic кинокомпаниясы кинофильмдегі монтаждық жұмыстарға көмегін білдіріп, қалған тірлікті Берлинде жалғастыру үшін режисер Эмир Бағазин мен қоюшы-оператор Азиза Жамбакиеваны шақырған.

Естеріңізге сала кетелік, Массагет бұған дейін фильмнің "Әлемдік кино қоры" (Berlinale World Cinema Fund) сыйлығын қанжығасына басқандығын және Берлин 63-кинофестивальде үздік операторлық жұмыс аталымы бойынша «Күміс аю» сыйлығын алғандығын айтқан болатын.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: nur.kz

Massaget