- Негізгі бет
- Денсаулық
- Қоғамдық орында кальян...
Қоғамдық орында кальян шегу тоқтатылды
Мемлекеттік бас дәрігер Қазақстанда қоғамдық орындарда кальян шегуді денсаулыққа зиян деп тапты. Сондықтан да ендігіде қоғамдық орындарда қазақстандықтар кальян шекпейтін болды.
«Табак түтінен азат Қазақстан» коалициясының басқарушысы Жәмила Садықованың айтуынша, бұл қаулы 6 ақпан күні өткен дөңгелек үстелде көтерілген мәселенің шешімі. Онда зерттеулердің қорытындысы шыққан екен.
Садықованың айтуы бойынша, насыбай, сағыз секілді зиянды заттар, сонымен қатар кальян Қазақстан аумағында қолданылмайтын болған.
«Санитарлық-эпидемиологиялық тексерістен кальян сұйықтығын түтікше арқылы шегу ішек ауруларына алып келеді. Осы себепті ел аумағында кальян шегу адам денсаулығына зиян тигізеді» делінген қаулыда.
Құжатта, сонымен қатар қоғамдық ас ішу орындары, кинотеатрлар, тұрғын үй кіреберістерінде кальян шегу тоқтатылды делінген.
Дайындаған: Ардақ Құлтай
Сурет: ansar.ru
А. Құлтай