- Негізгі бет
- Стиль
- 2013 жыл. Ерлердің...
2013 жыл. Ерлердің қысқы бас киімдері
Бүгін біз сіздерге 2013 жылы сәнге айналып үлгерген ерлердің қысқы бас киімдерін ұсынбақпыз. Сіз осылардың қайсысын киіп жүрсіз?
Жүннен жасалған бас киімдер. Құлаққа дейін жететін жылы бас киім басты суықтан қорғайды.
Тоқылған кепеш. Құлаққа жетпейтін тоқыма кепештерді ер адамдардың көбі ұнатады. Ол биылғы жылдың да басты сәніне айналмақ.
Помпоны бар бас киім. Мұндай бас киімдерді мойынорағышпен киген сәнді көрінеді. Бас киім түсіне сәйкес тоқыма мойынорағыш таңдап алғаныңыз дұрыс.
Екі өрімді бас киім. Екі өрімді бас киімдерді көбіне жас жігіттер ұнатады. Орта жастағы ер адамдарға бұл сәнді бас киім онша жараса қоймайды.
Құлақшыны қайырылған бас киім. Мұндай бас киімдер көбіне спортты киімдермен жақсы үйлеседі.
Тоқыма мен жұмсақ жүн матадан жасалған бас киім
Кашемирден жасалған бас киім де 2013 жылдың басты сәніне айналғалы тұр. Мұндай бас киім түрі қандай жастағы ер адамға да жараса береді.
Қалың құлақшыны бар бас киім басыңызды аязды күннен сақтайды.
Түйе жүнінен жасалған бас киім
Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Суреттер: look.tm, ru.all.biz
А. Әбілхан