- Негізгі бет
- Сырлы әлем
- Жүрдек пойыз бір...
Жүрдек пойыз бір топ пілді қағып кетті
Үндістанның шығыс бөлігінде 6 піл жүрдек пойыздың соққысынан өліп кетті. Бұл туралы жергілікті орман шаруашылығының қызметкерлеріне сілтеме беріп, Indian Express газеті хабарлап отыр.
Орисса штатында болған аянышты оқиғада, табиғатты қорғау бөлімінің айтуынша, пілдің 2 баласы болған. Соққыдан темір жол қызметкері де қаза тапқан болып шықты.
Төтенше жағдай кезінде даланы тұман басып тұрғандығы себепті дер кезінде пойыз тоқтай алмаған. Пойыздардың бұдан кейінгі қалыпты жұмысы тек 8 сағаттан соң ғана ретке келген.
Үндістанда 26 мың жабайы піл мекен етеді. Бұл елдің көпшілік аумағында піл қасиетті болып саналады. Орисса штатында соңғы бір жылда 500 піл осындай апаттардан өлген.
Дайындаған: Ардақ Құлтай
Сурет: news.am
А. Құлтай