Жан Қастеев: "Массагет жастарды тәрбиелейтін портал"

Жан Қастеев: "Массагет жастарды тәрбиелейтін портал"

Tengri FM – роктың әлемдік энциклопедиясын жинаушы, ақпараттық-музыкалық радио. Радио – Қазақстанның 18 қаласына тарайтын, миллиондаған тыңдарманы бар орта.

Ал бұл радионың әртүрлі концерттер мен фестивальдар өткізу дәстүрі өз алдына бөлек әңгіме. «Тенгри шыңында» ("На Вершине Тенгри") жобасы бүгінге дейін аңызға айналған әндер мен отандық әндердің насихатын жүргізіп келеді. Бұған дейін Tengri FM өткізіп келген концерттерде Вячеслав Бутусов, "Ю-Питер" тобы, "Чайф" тобы, «КИНО» тобы мен Юрий Титов, «БИ2» секілді атақты рок орындаушылары мен отандық рок әншілері өнер көрсетті.

«Тенгри шыңында» ("На Вершине Тенгри") жобасы арқылы Қазақстанның тарихында бірінші рет Рок марапаттау  өткізілді. Мұнда Ресейдің атақты рок-тобы «Аквариум» тобы толық құрамымен келіп, ән салды. Ал ең қызығы, 2 желтоқсанда өткен Алматыдағы тұңғыш рок-премияда электродомбыра мен электрогитараның жекпе-жегі ұйымдастырылған болатын. Онда «Алдаспан» тобының музыканты Мақсат Хасанов пен «Angry Ants» тобының соло-гитарисі Нодар Машуровтың сайысы өткен еді.

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: http: tengrifm.kz

А. Құлтай