Агуэро Мессидің ұлына ерекше сыйлық жасады

Агуэро Мессидің ұлына ерекше сыйлық жасады

Аргентина құрамасы мен ағылшындық «Манчестер Сити» командасының шабуылшысы Серхио Агуэро жуырда ғана дүниеге келген Лионель Мессидің ұлы Тиаго Мессиға Аргентина командасының спорттық киімін сыйға тартты.

Агуэро сәбиге 10-нөмірлі Аргентина құрамасының жейдесіне «Тиаго» деп жазып, сыйлаған.

«Мен өз уәдемді орындадым. Мессидің ұлы өзіне ұқсаған даңқты аяқдопшы болуына шын жүректен тілектеспін», - деп Серхио Агуэро өзінің туиттеріне жариялаған.

Айта кетейік, Тиаго Месси екінші қаңтар күні дүниеге келген. Ол Месси мен оның жұбайы Антонелланың бірінші перзенттері. 

Дайындаған: Уалихан Қосанбай

Сурет: vesti.kz 

Ю. НИКУЛЛИН