iPhone 5 ең өнімді смартфонға айналды

iPhone 5 ең өнімді смартфонға айналды

iPhone 5 батыстық басылымдардың зерттеуі бойынша, өз класы аясында ең өнімді смартфонға айналып отыр, деп хабарлайды РИА Жаңалықтар.

Батыстық AnandTech сайтының тестік-зерттеу қорытындысы бойынша Аррle-дің жаңа гаджеті қалған бәсекелестеріне қарағанда Android базасында тезірек жұмыс істейтіні анықталды. Жаңа iPhone-ның артықшылығы барлық тапсырмаларды тез орындауында жатыр. Веб-қосымшаларда және графиканы өңдеуде де оған тең келетін смартфон жоқ көрінеді. PC Magazine басылымы жаңа iPhone 5-ті Samsung Galaxy S III және Motorola Droid Razr M сияқты сматфондармен салыстыра отырып, осындай қорытындыға келіп отыр.

Зерттеу қорытындысы бойынша, жаңа смартфонның өнімділігі бұрынғы iPhone 4S-мен салыстырғанда екі есеге өскен. Айта кетелік, iPhone 5 екі ядролық А6 процессорымен жабдықталған. Сондай-ақ телефонға бейнематериалдарды өңдейтін үш GPU-ядро орнатылған.

сурет: allday.uz

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

Б. Қосмағамбет