Жігіттерге жағатын комплименттер

Жігіттерге жағатын комплименттер

Жігітке сабаздығы, не серілігі жайлы жылы сөз естіген әлбетте жағады. Әр жігіт комплиментті әртүрлі қабылдайды: біреулері елемейді, екіншісіне майдай жақса, үшіншілері сол бағытта жұмыс бастап кетеді. Алайда комплиментті қай жерде айту керектігін білу де маңызды. Жағымды сөздерді сүйіктіңізге, әріптесіңізге немесе жай досыңызға да айтсаңыз болады.

Комплимент айтқан уақытта тек шындықты айтыңыз, жағып қаламын деген ой болмасын. Әр адамның ненің рас, ненің өтірік екенін анықтай алатын қасиеті бар.

Қандай сөздер ерлерге ұнайды екен, қарастырып көрейік:

  • Бүгін ерекше құлпырып кетіпсің ғой.
  • Сен өте сымбаттысың. Көздерің әдемі әрі бет-әлпетің нағыз батырлардың бет-әлпеті сияқты.
  • Не деген қылжақбас адамсың?! Қарапайым нәрселерден күлетін нәрсе тауып аласың.
  • Сен де жануарларды жақсы көресің бе? Жануарларды өте мейірімді, елгезек жігіттер жақсы көреді.
  • Сен сондай білімдісің. Сенің жаныңда жүрсем, оқитыным мен тоқитыным әлі де көп екенін түсінемін.
  • Денең тура шкаф сияқты.
  • Сенің ғана жаныңда өзімді толық қауіпсіз сезінемін.
  • Барлық жігіттердің ішінде саған ғана бар сырымды айтып, барлық тақырыпта сөйлесе аламын.
  • Сен өте мықтысың, сенің қолыңда өзімді паналы сезінемін.
  • Сенің қолыңнан келмейтіні жоқ.
  • Мен үшін сенен қымбатты адам жоқ.
  • Сен өте қамқор, мейірімдісің.
  • Сіз жақсы жұмыскер ғана емессіз, сіз теңдесі жоқ мамансыз.
  • Сіз сияқты жауапкершілігі мол ұлым болғанын қалаймын.
  • Жейдең сондай сәнді. Талғамың мықты екен.
  • Бұл сұрақты шешуге тек сіз ғана көмектесе аласыз, өйткені бұл тұрғыдан сіздің ғана тәжірибеңіз мол және сіздің кеңесіңізді қажетсінемін.
  • Сенің құшағың мен даусың маған жылулық сыйлайды.
  • Күлкің жұқпалы екен.
  • Сенімен әңгімелескен әрдайым қызық.
  • Ақылыңнан айналдым, мен жаңа ғана соны ойлап отыр едім, ал сен істеп қойыпсың.
  • Достарыңның арасында үлгілі азаматсың.
  • Сені айтпай жатып түсінемін.
  • Сен кез келген тығырықтан шығудың жолын білесің, егер бәрі жақсы болады десең, яғни солай болады, өйткені саған барлық жағынан сенуге болады.
  • Менде бәрі жақсы болады, өйткені жанымда сен барсың.
  • Кешкі ас сондай дәмді шығыпты, мен дәл осылай істесем де, сенікіндей дәмді шықпайды.
  • Осындай ақылды ұл өсірген анаң бақытты шығар.
  • Сен мақтанғанды жек көресің, білем, бірақ сенің қолдарың сондай мықты.
  • Байланыспайтын нәрселерді байланыстырып жіберуге шеберсің ғой.
  • Мен сені мақтан тұтамын, сен ең керемет адамсың.
  • Мен саған бұдан да көп жақсы сөз айта аламын.

Жігіттерге комплимент айтудан шаршамаңыздар!

Сурет: vk.com

Дайындаған: Анар Мұстафина

A. Mustafina