Әди Шәріповтің туғанына 100 жыл толуына орай шығармашылық кеш өтеді

Әди Шәріповтің туғанына 100 жыл толуына орай шығармашылық кеш өтеді

Қазақстанның халық жазушысы, қоғам қайраткері Әди Шәріповтің туғанына 100 жыл толуына орай шығармашылық кеш өтеді, деп Мәдениет және ақпарат министрлігі хабарлайды.

Концерт 10 қыркүйек күні 16:00-де Абай атындағы қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрында өтеді. Аталған іс-шараға Қазақстанның халық әртістері Ескендір Хасанғалиев, Нұрғали Нүсіпжан, КСРО-ның халық әртісі Бибігүл Төлегенова, еңбек сіңірген әртістер Айгүл Үлкенбаева, Айдос Бектеміров, мемлекетаралық конкурстардың лауреаттары Жанель Түкеева, Азамат Асқаров, Болат Бөкенов, республикалық конкурстардың лауреаттары Нұржан Бажекенов, Еркін Шүкіманов секілді өнер жұлдыздары мен "Гүлдер" би ансамблі қатысады.

Әди Шәріпов 350-ге жуық ғылыми және публицистикалық еңбектің иесі. Көп жылдар бойы педагогика саласында зерттеулер жасаған. Тоғызыншы мен оныншы сыныптарға арналған хрестоматиялардың құрастырушысы. Және «Партизан қызы», «Ормандағы от», «Тон», «Қапастағы жұлдыздар» атты шығармалардың, «Сахара қызы», «Дос сыры» романдарының авторы. 

Ленин, екі рет Еңбек Қызыл Ту, Қызыл Жұлдыз, «Құрмет Белгісі» ордендерімен, КСРО медальдарымен және Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасымен марапатталған. «Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген мұғалімі» деген құрметті атақ берілген.

Сурет:kostanay.kz

Дайындаған: Фараби Бақыт

Л. Лига