Өліп-тірілген Хелигэн бағы

Өліп-тірілген Хелигэн бағы

Таяуда ғана дүбірлі дода өткен Ұлыбритания жеріндегі халық көп жиналатын және әлемге танымал ботаникалық бақтардың бірі – Хэлиген бағы.

Ал сіз білесіз бе, бүгінде әсемдік пен үйлесімділікті бойына жинаған баққа 1993 жылдары тірі пенде аяқ баспайтын. 

Ұмыт қалған Хелигэн бағының тарихы  осыдан үш жүз жыл бұрын басталған. XVIII ғасырдың орта тұсында өз заманында даңқы шыққан Тремейн атты әулеттің мүшелері иелік ететін жерлерін экзотикалық өсімдіктер теңізіне айналдыруды ойлайды. "Іздегенге сұраған" демекші, Ұлыбританияның оңтүстік-батысында орналасқан бұл мекенде климат өте ыңғайлы, ылғалды және жылы болып келеді. Алыс елдерден әкелінген өсімдіктер еш қиындықсыз жерсініп кетеді.

Тремейндіктердің зор құлшыныстарының арқасында бақ 81 гектарға дейін созылады. Ол кезде ботаникалық бақта бір мезгілде 22 бағбан жұмыс істеген.

Сұм соғыс қасіретін көрсетпегенде жасыл желектің жетер жетістіктері бүгінгіден әлдеқайда үлкен болар ма еді? Соғыс басталысымен, бақ ойрандалып, қараусыз қалып қояды.

1990 жылдардың ортасында Хелигэнді тауып алып, қалпына келтіру жұмыстары басталып кетті. Көктеп келе жатқан бақтың сұлулығы соншалықты, оны көргендер өз еріктерімен қаржылай көмек көрсете бастайды. Жұмыстың негізгісін Тим Смит атты сәулетші атқарады. Оның қажырлы еңбегі мен ұтымды ойларының арқасында Хелигэн толықтай қалпына келеді.

 

Бүгінде ботаникалық бақ Ұлыбританияға ғана емес, күллі әлемге даңқы шықты. Хелигэнде Альпы аңғарлары, қабырға артындағы бақ, жүзімдіктер, қауын ауласы, Хрусталь үңгір, Итальян бағы сынды бөлімдер бар. Бақтың ең көрікті құндылықтары – «Батпақтағы бикеш» және «Алыптың басы» атты өсімдік мүсіндер болып табылады.

Суреттер:kulturologia.ru,spletnik.ru,adme.ru,yesway.ru,bugaga.ru

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева