Сон Паскаль қазақ тіліне арнап жаңа ән жазды

Сон Паскаль қазақ тіліне арнап жаңа ән жазды

Британдық әнші Сон Паскаль қазақ тіліне арнап ән жазып шықты. Бұл туралы Massaget.kz тілшісі Tengrinews-ке сілтеме жасай отырып хабарлады.

Жаңа туынды You should speak қазақша ("Сенің қазақша сөйлеуің керек") деп аталады. Ән қазақша және ағылшын тілдерінде алма-кезек айтылады. Паскальдің продюсері Жомарт Сүлейменовтың айтуынша, композиция патриоттық-идеологиялық бағытта жазылған екен. Туындының алматылық рэпер Gallardo-мен бірігіп жазылғандығын да айта кетелік.

Музыкант жаңа әнге бейнеклип те түсіріп үлгеріпті. Түсіру жұмыстары Алматыда өтті және екі күнге созылды. Клиптегі басты рөлді әнші Luina сомдаған екен. Ал Паскальдің өзіне автобус кондукторы рөлі бұйырыпты. Жомарт Сүлейменов өз кезегінде автобус жүргізушісі ретінде түссе, көрермен Gallardo-ны такси жүргізушісі образында көре алады. Түсірілім үшін арнайы 1978 жылғы ВАЗ-2101 автокөлігі пайдаланғандығын да айта кетелік. Бейнебаянның премьерасы 15 тамызға жопарланып отыр. 

Сүлейменовтың айтуынша Сон Қазақстанда өткізген алты ай ішінде үздіксіз қазақ тілін үйренумен айналысып келген. Тіпті көпшілік ортада қазақша сөйлеп, жауап қатуға тырысады екен. Айта кетелік, Сон Паскаль бұдан бұрын жұртшылыққа "Көзімнің қарасы", "Englishman in Shymkent" әндерімен танылды.

 

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: voxpopuli.kz