Ұлыбританияда Wi-Fi-ға аллергяисы бар әйел адам табылды

Ұлыбританияда Wi-Fi-ға аллергяисы бар әйел адам табылды

Ұлыбританияда  ұялы телфон мен Wi-Fi байланысына аллергиясы бар адам табылды. Бұл туралы The Sun хабарлады.

34 жастағы Ханна Меткалф (Hannah Metcalfe) бас ауруы мен асқазан спазманың себебінен техникалық құралдарды қолдана алмай жүргендігін айтты. Техниканы пайдалану кезінде, сонымен қатар, тұмау симптомдары пайда болады екен. Бұл әйелдің электромагниттік толқындарға аллергиясымен түсіндірілді.

Меткалф дәрігерлерге айтқан сөзінде: "iPad сатып алған едім. Ондағы Wi-Fi-ды қосқаннан кейін жағдайым күрт нашарлап, басым ауырып сала берді. Осының әсерінен Wi-Fi қосылған қоғамдық орындарға бара алмаймын", - деді.

Ханнаның өзінің айтуынша, оның бұл аллергиясы жас кезінде солярийге көп барғандығының себебінен пайда болуы мүмкін екендігін айтты. 

2010 жылы Меткалфтың сәбиі шетінеп кеткен екен. Бұған оның жұмыс орнындағы флюоресценттік лампа себеп болуы мүмкін екендігі айтылды. Ханнаның қазіргі кезде де аяғы ауыр. Сәбиінің қауіпсіздігі үшін ол өзін ұялы телефондардан аулақ ұстауға тырысып жүргендігін айтты. 

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: news.ferra.ru