Сенбі көңіліңізді сергітсін!

Сенбі көңіліңізді сергітсін!

Аяулы оқырмандар! Сенбінің нұрлы күнінде сіздермен қауышып отырғанымызға қуаныштымыз. Біріңіз демалып болып, үй шаруасына кіріскелі жатсаңыздар, енді біріңіз демалысты жеке шаруаларыңызды бітіруге арнамақ ойларыңыз бар шығар.

Бүгін патша көңілдеріңізді әдеттегідей барынша аулауға тырысамыз. Сенбілік, үй жинау туралы пайдалы ақпараттар ұсынамыз. Аздап махаббат тақырыбын әңгіме қыламыз. Қызықты видеолармен бөлісеміз.

Сіздер де блог пен форум кеңістігінде өз пікірлеріңізді қалдыруды ұмытпаңыздар. Массагет фансаб тобының аударған фильмдерін қазақ тілінде тамашалаңыздар. Біздің ұжым жариялаған конкурсқа ат салысыңыздар. 

Ал әзірге көңіл сергітерлік дәрумен ретінде мына видеоны ұсынамыз. Жүзіңізден күлкі кетпесін.

сурет: liveinternet.ru