Тастың көмегімен интернетке қосыл

Тастың көмегімен интернетке қосыл

Испандық Vía Inteligente компаниясы қарапайым жерге төсейтін тас плитаны Wi-Fi интернет-нүктесіне айналдырып жіберді. iPavement деп аталатын бір тастың өлшемі 40Х40Х7см-ді құрап, 24 келіні тартады. Миникомпьютерді тоқ көзімен қамтамасыз ету үшін сым-темір арқылы кернеу көзі жіберіледі. Бір қызығы, компьютер-тастың өзінде 5 гигабайт жады құрылғысы бар. Интернет желісінде парақшаларды бірқалыпты жылдамдықпен көру үшін сол тастарды бір-бірінен 20 см қашықтықта орналастыру қажет.

Бұған қоса, тас плиталар қолданушыларға көптеген бағдарламаларға қол жеткізуге мүмкіндік береді. Олардың ішінде мейрамханалардың, тарихи жерлер мен дүкендердің мекен-жайларын айтып беретін бағдарлама бар. Бұған қоса, тастың ішіне орнатылған сымсыз байланыс құрылғысының көмегімен қолданушы жаңа келіп түскен жаңалықтармен таныса алады. 

Бағдарламалар көптеген браузерлермен үйлесімді жұмыс істей алады. Техно-тастың тек бір кемшілігі ғана бар. Ол оның жұмыс істеу температуралық диапазонының тарлығы. Өндірушілердің айтуынша, құрылғы  -10-нан 45 ºC градус температурада ғана жұмыс істей алады. Еліміздің солтүстік қалаларына бұл тастар орнатылса, олар  жай тас болып қала беретін түрі бар.

Сурет:enocasioneshagoclick.com