Samsung компаниясы Galaxy S III үлгісін жария қылды

Samsung компаниясы Galaxy S III  үлгісін жария қылды

Оңтүстік Кореялық Samsung компаниясы Лондонда жаңа Galaxy S үлгісінің үшінші ұрпағын халық назарына ұсынды. Презентация тікелей эфирде компанияның ресми сайтында көрсетілді.

Смартфонның 4,8 дюймдік AMOLED дисплейі 1280*720 шешіммен шексіз түсті ажырата алады. Cмартфон автофокусы бар 8 мегапиксельді камерамен жабдықталып, перненің нөлдік басу тезәрекеттелікпен мақтана алады. Және  секундына 30 кадр түсіретін HD 1,9-мегапиксельді бейнекамерасы бар. Жаңа смартфон Full HD форматында бейнені түсіріп, ойната алады. Телефон Google Android 4.0 Ice Cream Sandwich операционды жүйенің негізінде жұмыс істеп, қолданушы түрлі мультимедиялық мүмкіндіктерге қол жеткізе алады. S Voice дауыстық интерфейстің көмегімен қолданушы түрлі бұйрықтарды, оның ішінде хабарламаларды жіберу, бейне басқару сияқтыларды оңай іске жүзеге асыра алады.

Салмағы 133 грамм болатын мультимедиялық "орталық" корпусының жуандығы бар-жоғы 8,6 миллиметрді құрайды. Құрылғы автономды түрде батареяның көмегімен 2100 миллиампер-сағат жұмыс істейді. Түрлі процестер мен операцияларды өңдеп орындауды басқаратын 4 ядролық Exynos  Quad процессорының тактілік жиілігі 1,4 гигагерц.

Смортфон 16, 32 не 64 гигабайт ішкі жады құрылғысымен жабдықталады. Сатылымға мамырдың аяғында түсетін смартфонның бағасы туралы еш мәлімет таратылмады. Айдың аяғына дейін күтуге тура келеді.

Сурет: ©REUTERS/Ki Price