- Негізгі бет
- Денсаулық
- Компьютер үстеліндегі гигиена...
Компьютер үстеліндегі гигиена
"Денсаулық - бірінші байлық" дейді атам қазақ. Сондықтан да денсаулықты күту бүгінде ең басты мәселелердің бірі саналмақ. Көптеген адамдар қазіргі кезде жеке бастың гигиенасын сақтауды немесе соны ұстануды екінші кезекке қойған секілді. Сіздерді өз денсаулықтарыңызға көңіл бөлу мақсатымен, біз бірнеше фактілерді сіздердің назарларыңызға ұсынамыз. Сонымен кеттік...
"Пернетақтада, тышқанда, компьютер үстелінде микроорганизмдердің саны унитазда "өмір сүретін" бактериялардан анағұрлым көп", - дейді американдық ғалымдар. Оның себебі адамдардың компьютер үстелінде қандайда бір гигиенаны ұстанбай тамақ ішулерінде.
Американдық диетологтар ассоциациясының өкілі Тоби Смитсонның айтуынша, мұндай тамақтану әдісі көпшіліктің әдетіне айналған. Компьютер алдында тамақтана отырып бір оқпен екі қоянды өлтіруге болады: қарын тойдыру және жұмысты бітіру. Алайда мұндай әдет кейін қауіпті ауруларға алып келуі мүмкін және дәл сол аурулардың пайда болуына жұмыс үстеліндегі бактериялар басты себепші болмақ.
Зерттеушілердің мәлімдемесіне тоқталар болсақ, компьютер қолданушылардың тек отыз алты пайызы ғана жұмыс орнында жүйелі тазалық жасайтын көрінеді. Қалғандары айына бір рет немесе одан да кем жинайды-мыс. 2007 жылы ғалымдар жұмыс үстелінде бактериялар асүйлік үстелге қарағанда жүз есе, унитазға қарағанда төрт жүз есе көп екендігін анықтаған еді.
Естеріңізге сала кетсек, бұдан бұрын біз ерлердің гигиенасы жайлы ақпарат берген болатынбыз және толық нұсқасын мұнда оқи аласыздар.
Сурет: pcs-service.ru
Ж. FM