Массагет.кз өз жұмысын жалғастырады

Массагет.кз өз жұмысын жалғастырады

Құрметті Массагет оқырмандары! Кеше сайтымызға DoS-шабуыл жасалғандығынан хабардар етеміз. Бізге хат жазып, сайттың жұмысы туралы сұрап, қызығушылық танытқан қолданушылар саны өте көп болғандықтан, қысқаша түсініктеме беруді жөн көрдік. Сайтымыздың жастар дүниетанымын арттырып, көкжиегін кеңейту мақсатындағы жұмыстары әлдекімге ұнамаса керек. Сағат 15:00-ден бастап, 20:30-ға дейін қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілгендіктен, портал уақытша жабық болды. Орын алған ыңғайсыздықтар үшін оқырмандардан кешірім сұраймыз.

Жастардың танымы үшін бұған дейін қалай жұмыс жасаған болсақ, дәл солай бар күш-жігерімізбен жұмыс жасай беретіндігімізді жеткіземіз.

Құрметпен: Маssaget.kz

сурет: 3dnews.ru

М. Оңғарова