- Негізгі бет
- Жаратылыстану
- Жай көзге қанша...
Жай көзге қанша галактика көрінеді?
5 мың? 2млн? 10млрд?
Мамандардың 10-нан 100 миллиардқа жуық галактика бар деп есептеуінде бір мән бар. Нақты дерек бойынша, жерден қарағанда 4 галактика көрінетін болып шықты. Бір мезгілде олардың тең жартысын көруге болады екен. (Әр жарты шарда екеуін). Солтүстік жарты шарда – Құс жолы мен Андромеда (М31). Оңтүстік жарты шарда – Үлкен және Кіші Магеллан Бұлттары.
Кейбір азаматтардың айтуынша, феноменді көзбен (сезім мүшелерінің көмегімен түйсінілетін құбылыс) тағы үш галактиканы көруге болады-мыс. Үшбұрышта М33, Үлкен Аюда М81, Гидра да М83. Бірақ мұны дәлелдеу қиынға соғып тұр. Себебі, жай қарағанда көрінетін жұлдыздар саны әртүрлі жорамалданып келеді. Көпшілік есепте 10 мыңға жуық делінеді. Ал әуесқой астрономиялық компьютер бағдарламаларында да осындай негізгі дереккөз қолданылған. Ол тізімде «жай қарағанда көрінетін жұлдыздар саны» - 9600. Басқа есептеулерде 8000 мен 3000-ға жуық деп те келеді.
Бір кездері, бұрынғы кеңес одағында кинотеатрлар саны (5200 шамасы) түнгі жұлдыздардан көп деген әзіл де тараған.
Канадалық www.starregistry.ca веб-сайтында 98 канада долларына өз атыңа немесе дос-жаранның атына бір жұлдызды атай аласың. (175 к.д. – рамкадағы тиесілі сертификатымен). Жұлдыздардың канадалық тізімінде 2873 жұлдыз бар деп есептелінеді. Әрине, олар сатылмайды. Себебі, әрбірінің тарихи немесе ғылыми атауы бар.
Суреттер: sunhome.ru
Л. Лига