SanDisk Connect — мобильді құрылғыларға арналған сымсыз байланысты флешка

SanDisk Connect — мобильді құрылғыларға арналған сымсыз байланысты флешка

Егер сіздің смартфон немесе планшетіңізде жад сақтауға арналған карта үшін тетік қарастырылмаған болып, ал құрылғының өзінің жады шектен тыс асып кетер болса, онда сізге SanDisk компаниясы жасап шығарған жаңа SanDisk Connect гаджеті көмекке келеді. 

Өлшемі жағынан қарпайым флешкадан сәл ғана үлкендеу бұл девайс iOS және Android немесе веб-интерфейс арқылы қатынас жасауға болатын, мәліметтерді сақтауға арналған сымсыз байланыс құралы.  

SanDisk Connect құрылғысын компьютерге жалғап немесе одан мәліметтерді көшіріп, яғни кәдімгі USB-флешкасы ретінде де пайдалануға әбден болады. Девайс 16 және 32 ГБ нұсқаларында шығып отыр. Ал бағасы сәйкесінше 50 және 60 долларды құрайды.  

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: zhelezyaka.com

Б. Қосмағамбет