Александра Аборнева - Азия чемпионы!

Александра Аборнева - Азия чемпионы!

75 келі салмақта бақ сынаған отандық зілтемірші қызымыз Александра Аборнева Азия чемпионатында алтыннан алқа тақты, деп хабарлайды Массагет.кз тілшісі. 

Астанада өтіп жатқан доданың кезекті күні тартысқа толы болды. Қазақстаның қазіргі таңдағы чемпионы жұлқа көтеруде 110 келі салмақты бағындырды. Басты қарсылас саналған вьетнамдық Ван Нгуен төрт келіге қалыс қалды. Үздік үштікті Тайпей қызы Йао Чи-линг иеленді - 105 келі. 

Екінші кезеңде Аборнева 140 келіге тапсырыс берді. Сол уақытта оның жақын қарлыстары төмен салмаққа тапсырыс беріп жатқан болатын - 128 келі (Чи-линг) және 133 келі (Ван Нгуен Тхи Ким). Қарсыластарға бір табан жақындай түскен Праекнапа Хенжантук (Таиланд) 141 келіні бағындырып, үштікке шыққан еді. 

Ван Нгуен Тхи Ким ең сәтті мүмкіндігінде 136 келіні көтеру арқылы күміс жүлдеге қол жеткізді. Ал біздің спортшы қызымыз жеті келі артық көтеріп, ортақ ұпай санымен мерейі үстем түсті - 253 келі. 

Қазақстандық зілтемірші қыз жұлқа көтеруде де, серпе көтеруде де және ортақ ұпай саны жағынан да басым болып, алтынның бәрін алып отыр. 

Астанадан: Уалихан Қосанбай

сурет:sports.kz 

Л. Лига