- Негізгі бет
- Жаратылыстану
- Аталар солай атаған...
Аталар солай атаған (Ежелгі жер, су, ел-жұрт атаулары)
Ғасырдан ғасырға, атадан балаға, ұрпақтан ұрпаққа жетіп жалғасын тауып отырған ежелгі жер-су атаулары тұнып тұрған бай қазына. Ата-баба арқауы болып келген сандаған өңір мен өзге ел атаулары белгісіз бір тұрғыдан өзгертіліп тілге жеңіл, жүрекке жылы тиюі үшін бұрмаланған деседі. Төменде осы атаулардың азғантай тізбегі берілген.
Мысыр – Египет.
Шам (Шағам) – Сирия,
Дамшық – Дамаск,
Бейжін – Пекин,
Шын – Қытай елі,
Машын – Үндістан,
Шын-Машын – Үндіқытай,
Бұланай тауы – Гималай,
Афрасияп – Самарқан,
Қап (Қойқап) – Кавказ тауы,
Шаш (Шашкент) – Ташкент,
Үрім – Кіші Азия,
Мағұріп – Шығыс жақ,
Бабыл – Вавилон,
Құддыс – Иерусалим.
Кінған – Палистина,
Сарандил – Цейлон,
Ямен – Йемен,
Итжеккен – Сібір,
Ібір Сібір – Сібір елі,
Гүржістан – Грузия,
Ресей – Россия,
Юнан – Грек елі,
Мәскеу – Москва қаласы,
Төмен – Тюмень облысы,
Омбы – Омск,
Сарытау – Саратов облысы,
Аштархан (Хажы Тархан) – Астрахань,
Ірбіт – Иркутск,
Жаманқала – Орск,
Күлзім дариясы – Қызыл теңіз,
Оман дариясы – Үнді мұхиты,
Терең өзен – Днепр,
Еділ – Волга,
Азау – Азов теңізі,
Мажар – Венгрия,
Мадияр – Венгрия халқы,
Ғажам жұрты – Африка халқы,
Қызылбас – Ирандық,
Кәріс – Корей халқы,
Зәңгі – негір,
Сарт – Тәжік,
Естек – Башқұрт,
Жөйіт, жейбірей – Израилдық,
Шүршіт – Қытай,
Қарашекпен – Орыс мұжығы,
Кәпір – Дінсіздер,
Тұран – Орта Азияның жалпы атауы,
Түркістан – Орта Азия және Қазақстанның жалпы ежелгі атауы,
Дешті Қыпшақ – Ерте замандағы қазақ даласы,
Қозыбасы – XV ғасырдағы алғашқы қазақ ордасының тігілген жері (Жамбыл облысы),
Көктеңіз – Балқаш көлі.
Хазар теңізі – Каспий теңізі,
Аспантау – Тянь-Шань таулары,
Жетісу – қазіргі Алматы облысына қарайтын аймақтың ежелгі атауы,
Фараб – Отырар,
Ақмола – Астана,
Иасы – Қызылорда қаласы,
Жидері Байсын – қазақ ұғымындағы ел-жұртты жұтамайтын киелі, бай жер.
Қызылжар – Петропавлск қаласы,
Жейқұн – Амудария,
Сейқұн (Сайқұн) – Сырдария,
Іңкәрдария – Сырдарияның бұрынғы бір саласы,
Сауық – Торғай өзені,
Кент – қала,
Тұзкент – Кереку, Павлодар,
Теке – Орал,
Үлбі – Өскемен.
Дереккөз "Жеті қазына" кітабі
Оқи отырыңыз:
Географиядағы қызықты деректер
География пәпін ұнатып оқисыз ба?
Дайындаған: Нұрбол Нұрмаханұлы
Сурет: wallgrad.ru
Н. Нұрмаханұлы