- Негізгі бет
- Жаратылыстану
- 3 кездейсоқ ашылған...
3 кездейсоқ ашылған ғылыми жаналық
1. Пенициллин
Шотландия ғалымы Александр Флеминнің зертханасы өте нашар хәлде болатын. 1928 жылы Александр демалыс іс сапарыннан оралған кезде зертханасына қалдырып кеткен тамақ қалдықтарының бетінен көгерген, құрамында бактериясы бар затты байқайды. Сөйтіп, ол нанның ұзақ тұрып қалуына байланысты оның бетінде көгілдір заттардың пайда болатынын түсінеді. Флеминг көгерген жерлердің айналасынан бактериясы жоқ аймақтарды байқайды. Ойлана келе зеңнің бактерияларды жоя алатын қасиеті барын ұғады. Кейін оларды молекулаларға бөліп «пенициллинді» жасап шықты. Пенициллинді медицинада ағзадағы микробтарды жоюға қолданады.
2. Стикер
Стикердің тарихы 1968 жылы "3М" компаниясының зертханасынан бастау алады. Ғылыми доктор атағы бар Спенс Силвер жабысқақ лентаның жабыстыру қасиетін жақсартқысы келді. Жүргізген ғылыми тәжірибе нәтижесінде желімнің сан қилы қасиеттерін ашты. Силвердің жаңадан жасап шығарған желімі кішкентай шариктерге оралған күйінде (диаметрі ағаш талшықтарындай) шығатын болды. Алайда ол шығарған затын қандай мақсатта пайдалану керек екенін білмеді. Сөйтіп, ойлана келе Силвер шығарған өнімін тақталарға жабыстырып, стикеріне жан бітірді. 1973 жылдан бастап Джефф Николсон деген азамат тақталарында осы стикерді қолдану арқылы елді қызықтыра бастады. Қазіргі кезде стикерді қеңсе тауарлары ретінде кеңінен пайдаланады.
3. Қысқа толқынды жылыту пеші (Микроволновая печь)
Американдық инженер Перси Спенсер, 1946 жылы "Raytheon" деп аталатын радар шығаратын компанияда жұмыс істеп жүрген. Ол уақытта Спенсердің негізгі тапсырмасы мегнатрон деп аталатын электронды толқындарға тәжірибелер жүргізу болатын. Спенсер электронды толқындарға байланысты тәжірибе жасап жатқан кезде электронды толқындардың жылу бөлуінен қалтасындағы шоколады еріп кетеді. Осы жағдайдан соң қысқа толқынды пешті ойлап табу идеясы пайда болады. Қазіргі кезде АҚШ халқының 90 пайызы қысқа толқынды пешті тамақтарын пісіру мен жылытуға пайдаланады.
Дайындаған: Нұрбол Нұрмаханұлы
Сурет: ferra.ru, print-guru
Н. Нұрмаханұлы