Марста өмір сүрудің қандай мүмкіндіктері бар?

Марста өмір сүрудің қандай мүмкіндіктері бар?

Біздің күн жүйемізде, Марс ғаламшарының Жерден кейінгі өмірімізге керекті мынандай қолайлы табиғи жағдайлары бар. Марс жер секілді тас қабыршақтарынан,поляр мұздары мен жыл мезгілдерінен тұрады.Тіпті күн уақыты да бір-бірімен сәйкес келеді, бір күніңіз 24 сағат 40 минутқа созылады.Ең соңғы деректер бойынша марс  ландшафтысының бойында су сұйықтығы ағатын болған. Сонымен, неге Жерде өмір гүлденіп жатқан болса, Қызыл ғаламшар бізге тіршіліксіз болып көрінеді?

Температураның әсері

Марстың  Солтүстік  поляр бөлігі

Біз білетіндей су – тіршілік  көзі. Алайда ол күн жүйесінде сирек кездесетін табиғи  өнім. Венера мен Марс орбиталарының араларында Златов деп аталатын енсіз аймақ бар. Златов аймағының жылу температурасы судың шоғырлануына  қолайлы болып табылады. Бұл аймақтың температурасы тым ыстық та, суық та емес.

Ғаламшардың күнге орналасқан бөлігі күннің ызғарына шыдамай буға айналады, ал алыс жағы суықтан мұз болып қатады. Біздің көк ғаламшарымыз орбита бөлігінен дұрыс аймақта орналасқан. Марс күннің сыртқы жағында, алшақ жатқаннан кейін ауа  тепературасы орташа есеппен  –60С. Осындай төмен температураның себебінен  Марстың  жұқа атмосферасында, Марс бетінде  судың пайда болуын мүмкін болмайды.

Атмосфера әсері            

Атмосфера қабатының маңыздылығы зор, себебі ол күннен шыққан күн сәулесінің тіке түсуінен сақтайды. Жердің үстінгі қабаты күнге қорғаныш ретінде озон қабығын немесе озон газдарын  пайдаланады. Уақыт өте келе Марстың атмосфера қабаты жердің үлесімен 1% төмендеген. Атмосфераның жұқа болуы   күн сәулесінен сақтауға мүмкіндік бермейді.Температураның төмендеуінен поляр беттерін мұз алып жатыр.Осы табиғи құбылыстың әсерінен  егер сіз Марстың экваторында тұратын болсаңыз, сіз басып  тұрған жердің температурасы 21С, ал  үстінгі  жағыңыз 0С болады.

Сонымен Марстың ауа қабатына қандай факторлар әсер етті?

Ең бірінші, Марс көлемі жағынан Жерден кішірек болып келеді. Ол Жердің тартылыс күшінің 3/1 бөлігін алады. Ол газдан жеңіл болғандықтан тез тарап кетеді.

Екіншіден, ең бір маңызды фактор ол магниттік қалыптың жетіспеуі.

 

Көгілдір немесе қызыл  аспан

Ғалымдар Жер мен Марстың бір атмосфералық  құрам екеніне сенеді, бірақ олар екі түрлі дамыған дейді.

Марстың атмосфералық қабаты өте жұқа, шектен тыс суық, су қатты зат   ретінде сақталады.

Күн сәулесі  тіке түсетін болғандықтан  ғаламшарды жылы күйінде сақтайды.

                                                 Дайындаған:Нұрбол Нұрмаханұлы

Сурет:bbc.co.uk

Н. Нұрмаханұлы