Бір өмірдің құны – бір сурет

Бір өмірдің құны – бір сурет

Бұл – Кевин Картер. Төмендегі аңызға айналған суреттің авторы. Бұл суретте аштықтан өлейін деп жатқан Судан қызы мен оның артында "жемтігін" күтіп отырған құс бейнеленген. Сурет жария болғаннан кейін, бірден әлемге тарап, дүниенің жүрегін дір еткізді. "New York Times" газетіне оқырмандары үздіксіз қоңырау шалып, суреттегі қыздың тағдыры не болғанын сұраумен болды. 

Кейін адамдар бұл сұрақты Картердің өзіне қоя бастады. Фотограф тарихқа өзгеріс енгізу қолынан келмейтінін, бұл қызға көмектескенімен, күллі тарих өзгере қоймайтынын, тек бұл қайғылы жағдайдан әлем хабардар болсын деп түсіргенін айтқанымен, адамдар Картерді кінәлап, жазғыруын доғара қоймады. Қайта күннен-күнге үдете түсті. Әрбірден соң, Картер: "Менің мақсатыма оған көмектесу кірмейді, мен тек хабар жеткізушімін" дегенді де айтты. Бұл сөзден соң, адамдардың фотографқа деген наразылығы тіпті күшейіп кетті. Фотограф қатты күйзеліске түсіп, енді өзін-өзі кінәлай бастады. 

Осы суреті үшін Картер Пулитцер сыйлығына ие болады. Дегенмен, сыйлық алғаннан кейін, екі ай өткен соң, 1994 жылдың 27 шілдесінде ол өз-өзіне қол жұмсайды.

2005 жылы режисер Дон Краусс "Кевин Картердің өлімі" атты деректі фильм түсірді. 

"Судандағы аштық", 1993 жыл

Дайындаған: Мейіргүл Оңғарова

Сурет: artskoroff.com

Р. Роза