Еңбек – байлық, кәсіп – нәсіп туралы Бірінші бөлім

Еңбек – байлық, кәсіп – нәсіп туралы  Бірінші бөлім

Мал жисаң қонысын тап,

Ас жисаң – ыдысын тап.

***

Кәсіп, кәсіп түбі – нәсіп.

***

Еңбегі аздың өнбегі аз.

***

Жатқанға жан жуымас,

Жалқауға мал  құралмас.

***

Ерді еңбек жеткізер.

***

Ердің атын еңбек шығарады.

***

Еңбегіңнен ел таныр.

***

Жылый – жылай жар қазсаң,

Күле – күле су ішерсің.

***

Еңбегің қатты болса,

Татқаның тәтті болар.

***

Жаңбырменен жер көгерер,

Еңбекпенен ел көгерер.

***

Байлықтың атасы – еңбек, анасы – жер.

***

Ісі кенеулінің – есімі елеулі.

***

Қайратың бар да мал тап.

***

Жан қиналмай жұмыс бітпес,

Талап қылмай мұратқа жетпес.

***

Жақсы жұмыс – жанға тыныс.

***

Ырыс алды – ынтымақ.

***

Еңбек ет те міндет ет.

***

Жұмысы бардың

Жүйкесі  тыныш.

***

Еңбек еткен емеді,

Еңбексіз не өнеді.

***

Қолынан келген қонышынан басады.

***

Көрнекті іс көмілмейді.

***

Еңбек етсең – емерсің,

Ерінбесең – жеңерсің.

***

Не ексең соны орасың.

***

Біткен іске сыншы көп.

***

Істің басы байлы болса,

Аяғы сайлы болады.

***

Біткен істің міні жоқ,

Бітірген ердің кемі жоқ.

***

Ерте тұрған еркектің ырысы артық,

Ерте тұрған әйелдің бір ісі артық.

***

Әлің бар да еңбек ет,

Еңкейгенде емерсің.

***

Тере берсе тезек те қызық.

***

Алтын шыққан жерді белден қаз.

***

Темірді қызғанда соқ.

***

Іздеген мініскер ағашын табады.

***

Шапқан озар, жатқан қалар.

***

Қалауын тапса қар жанар.

***

Атыңды жүріп тұрғанда қамшыла.

***

Сабақты ине сәтімен.

***

От жанбағы көріктен.

***

Тамшыдан тама берсе, дария болар.

***

Еңбегіне қарай өнбегі.

***

Еңбегі ештің – күні кеш.

***

Еңбексіз тапқан мал есепсіз кетеді.

***

Еріншек егіншіден,

Ерінбеген масақшы озады.

***

Арамнан алған түйедей,

Адалдан алған ешкі жақсы.

***

Қарманған қарап қалмайды.

***

Қолы қимылдағанның аузы қимылдамайды.

***

Қимылдаған қыр асады.

***

Кере тастың ауырлығы жоқ.

***

Ерте тұрған өкінбес.

***

Қашпақ болсаң зымыра.

***

Алыстан арбалағанша,

Жақыннан дорбала.

***

Істегеннің еліңе жақсы,

Үйренгенің өзіңе жақсы.

***

Шоқ қайдан болса,

Жылу содан.

***

Ерінбеген етікші болады.

***

Жігіттің түсін айтпа, ісін айт.

***

Михнат болмай, рақат болмас.

***

Қайраты бар кісінің, берекеті бар ісінің,

Қайраты жоқ кісінің, берекеті жоқ ісінің.

***

Алғыр жігіт ақылына қарай іс қылар,

Олақ жігіт оңай жұмысты күш қылар.

***

Түсі келіспей, ісі келіспес.

***

Ерте шықсаң, алдыңнан күн шығады,

Кеш шықсаң, алдығнан түн шығады.

***

Рақаттың түбі кеңіс,

Еңбектің түбі жеңіс.

***

Қасықтап жинап,

Шөміштеп төкпе.

***

Киіз кімдікі болса,

Білек соныкі.

***

Түстік өмірің болса,

Кештік мал жина.

***

Отынды шапқанға жақтыр,

Малды тапқанға бақтыр.

***

Сөз қуған пәлеге жолығар,

Шаруа қуған қазынаға жолығар.

***

Қысқа шілдеде қу сақта,

Жаз шілдеде су сақта.

***

Қырсыққан жігіт мал таппас.

***

Адасқан жігіт жол таппас.

***

Ебептен себеп, балшықтан мұрат.

***

Қазынаңа не салсаң,

Шөмішіңе сол ілінер.

***

Кезі келсе кетпен шап,

Майрылмаса, қайырылсын.

***

Колхоз аулы қауымды келеді,

Еңбек екпіні дауылды келеді.

***

Екпіндінің өзі де екпінді, сөзі де екпінді.

***

Шегірткеден өорыққан егін екпес.

***

Жер – ырыстың кіндігі.

Ж. FM