Жыландар топтастығы барын білесіз бе?

Жыландар топтастығы барын білесіз бе?

Жылдың әр көктем мезгілінде канадалық шытырман Манитоба мыңдаған қорқынышты иірілген жыланға толады. Бұл аймақта дүниежүзіндегі ең көп саналатын жыландар топтастығы шоғырланған. Қысқы ұйқыдан оянған тозығы жеткен жыландар жылдағы күнге қыздырылу, ұрпақ жалғастыру секілді  рәсімдерін орындайды. Осындай салт жоралар тек Narcisse Snake Dens деп аталатын арнайы ошақта жүзеге асады. Ол Манитоба ауданынан бірнеше шақырым  алшақ жерде орналасқан. Жыландар не себепті тап осы аймақта қосақтау рәсімін орындайды? Мамандардың айтуынша, бұл үрдіс Манитоба аумағында  палеозой дәуірі кезінде мұхит суы жайлаған көрінеді, кейінірек судың астарлап тартылуының нәтижесінде жер асты тесіктері пайда болған. Жер бетіндегі жарылыстар мен тесіктер құдықты қалыптастырған. Қазірде осы құдықта аздаған су сұйықтығы сарқылып ағады.

Суық жүзді жыбырлақ жыландар жергілікті құдық су арналарын жанындай жақсы көреді. Канада елінің -50 градус суығына төтеп бере алатын өте лайықты орда болып табылады. Қаһарлы аяздан қорғану үшін тар шұңқырларда амалдап қыс мезгілін өткереді. Бір мезетте құдықта орташа есеппен он мыңдаған жылан үш ай бойы қысқы ұйқыда жатады. Мамыр айының бас кезінде паналарынан шұбырып сыртқа ұмтылады.

Осы күндері көптеген туристер осындай ерекше  сәтті  бақылау  үшін жер көктен ағылады. Жыланның бұл түрі зиянсыз болғандықтан, қолмен ұстап қызықтауға рұқсат берілген. 

Оқи отырыңыз: 

Әлемдегі ең ұзын қырықаяқтың уы адам өлтіреді

Көлемі 6 метр болатын Гавиал жануарын білесіз бе?

Жануарлар туралы біз білмейтін 10 таңғажайып дерек

Аптаның үздік фотолары: Мұхит түбінде түсірілген фотолар

Ұстау түгілі жанына жақындаудың өзі қауіпті саналатын улы өсімдіктер

 

Дайындаған: Нұрбол Нұрмаханұлы

Сурет:www.foto-sobitiya-planeti.ru

Н. Нұрмаханұлы