Алғаш Айды бағындырған Армстронг өтті өмірден...

Алғаш Айды бағындырған Армстронг өтті өмірден...

25 тамыз күні америкалық ғарышкер, Айға аяқ басқан алғашқы адам, Нил Армстронг АҚШ-та көз жұмды, деп хабарлайды Рейтер агенттігі.

Өлімінің себептері әлі анықтала қоймағанымен, ғарышкердің тамыз айының басында жүрегіне операция жасалған екен.

Атақты ғарышкер 1930 жылы тамызда Огайо штатында Вапаконета деген қалада дүниеге келген болатын. Сонымен қатар, ол 1950-1953 жылғы Корей соғысына қатысқан. 1956 жылы өзінің НАСА станциясындағы жұмысына қайта оралады. 1966 жылы Apollo-1 ғарыш кемесінің командирі ретінде тарихта екінші рет ғарышқа ұшты. 1969 жылы 20 шілде күні (ортаевропаның уақыты бойынша сағат 3.56) Айдан тікелей байланысты күтіп отырған Жердегі миллиондаған телекөрермендерді таңдандырып айға қонды.

1974 жылы НАСА станциясынан қуылып, жеке бизнеспен айналысып жүрді.

Сексен үш жастың сеңгіріне шыққан атақты ғарышкер де өтті өмірден...

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Суреттер: theregister.co.uk, dawn.com

А. Әбілхан