- Негізгі бет
- Өнегелі өмір
- Бернард Шоудың қанатты...
Бернард Шоудың қанатты сөздері
Аяулы оқырмандар! Назарларыңызға Нобель сыйлығының иегері, талантты британдық жазушы Бернард Шоудың (1856-1950) қанатты сөздерін ұсынамыз.
- Осы айдың аяғында мен 56 толамын. Бірақ мен әлі есеймегенімді байқап жүрмін.
- Отбасылық өмір екі жастың басына көп міндеттер мен парыздар жүктейді. Әр адам соған дайын болғаннан кейін үйлену туралы шешімге келгені дұрыс.
- Өз қорқынышының құлы болудан артық қорлық жоқ.
- Тірлікте қорқатындарға ғана қатер келеді.
- Өз ойының дұрыстығына сенімді адамның сөзі анық болады.
- Ұстамдылық - адам бойындағы ең асыл қасиет.
- Білім алудың ең оңтайлы жолы - сол салада жұмыс істеу.
- Бұзылған адамдар -жүрегінде махаббат оты жоқтар.
- Өмірдің шын қуанышы пайдалы іспен айналысып, өмірде өз орныңды таба білу.
- Әр адам өзінше ойлап, кез келген нәрсеге өз көзімен қарауға құқылы.
- Адам баласы еңбексіз өлікке айналады.
- Жастық - тірліктің ең үлкен сыйы. Бұл сыйды ерекше ұқыптылықпен пайдалана білелік.
- Менің өмірдегі ең басты саясатым - таспен ұрғанды аспен ұру.
- Менің ұстазым - өмірде жасаған қателіктерім.
- Кекшілдің - қорқақтың ісі.
cурет: guardian.co.uk