Гетенің өмір жолы

Гетенің өмір жолы

Аяулы оқырмандарға әлемге танымал жазушы әрі ақын Гетенің өмір жолы туралы әңгімелеп бермекпіз.

Иоганн Вольфганг Гете 1749 жылдың 28 тамызында Фрнакфуртта дүниеге келді. Әкесі Императордың кеңесшісі болып қызмет атқарды. Шешесі де император сарайында абыройы бар адам еді. Осындай қалталы да, білімді азаматтардың отбасында дүниеге келген сәби алғыр да зерек болып өсті. Алғырлығы соншалық, сегіз жасқа келген Гете латын тілі мен грек тілін меңгеріп үлгерді. 16 жасқа келген соң, жас бала Лейпциг университетінің заң факультетіне оқуға түсіп, білім алуды бастайды.

Дегенмен, әдебиет пен өнерге жаны құмар Гете заң ғылымдарына деген қызығушылығының жоқтығын сезген соң, Лейпцигтегі оқуын тастап, үйіне қайтып келеді. Араға біраз уақыт салып, Страсбург университетіне түсіп, білім жолын сол жақта жалғастырады. Студент Гете сонымен қатар, медицина, жаратылыстану ғылымдарына елітіп, түрлі қызғылықты кітаптардың ішіне сүңгіп кетердей болды.

ва

Гете білім алған Страсбург университеті. Франция

1769 жылы Гетенің алғашқы өлеңдер жинағы жарық көрді. Бұдан көп ұзамай, жас ақын "Екпінді боран" атты әдебиет клубының басшысы атанады. Бұл кезеңдерде бұл қозғалыс Германияда үлкен танымалдылыққа ие еді.

Иоган Гете 1771 жылы университтегі оқуын тәмәмдап, құқықтану докторы атанды. Осыдан соң, 1775 жылға дейін осы салада еңбек етті. Қызметімен қатар, әдебиетті де алып жүре білген ол осы уақытта "Жас Вертердің мұңдары" романын (1772), "Гец фон Берлихинген" тарихи драмасын жазып шықты.(1773)

1775 жылдың соңында Гете герцог Карл Августтың шақыртуымен Веймарға жол тартады. Сонда біржола тұрақтап, герцогтың көмекшісі болып қызмет атқарады. Кейін әйгілі Шиллермен де танысып, неміс әдебиетінің дамуына бірлесіп үлес қосты.

Жалпы Иоганн Вольфганг ұлан-асыр жиындарды сүймейтін. Керек десеңіз, Париж бен Лондонды да бір көрмей өткен екен. Осындай қарапайымдылықтың себебінен болса керек, жұбайы да гүл өсірумен айналысқан шаруаның қызы еді.

авп

Гете дүниеге келген Франкуфурт қаласы

1775-1796 жылдары жазушы "Вильгельм Мейстердің оқу жылдары" атты романын жазып шықты. Ал 1808 жылы "Фауст" трагедиясының алғашқы бөлімі жарық көрді. Бұл туынды кейін Гете шығармашылығының шыңы деп бағаланды.

Айта кетелік, Гете әдебиеттен басқа жаратылыстану ғылымдарымен де көп айналысты. Мысалы өсімдіктер мен жануарлардың морфологиясына қатысты зерттеулер жүргізген. Сонымен қатар, физика, геология, минералогия, медицина салаларына да қызығып, өз үлесін қосуға тырысқан.

Иоганн Вольфганг Гете 1832 жылдың 22 наурызында дүние салды. Есімі әлемге мәшһүр болған ол планета тарихына ұлы ақын және әмбебап жазушы ретінде енді.

сурет: forum.maltebauer.de, all-free-photos.com, ka7-tour.ru