Толстойдың нақыл сөздері

Толстойдың нақыл сөздері

Оқырмандарға 1828-1910 жылдары өмір сүрген, әлемге терең ойларымен мәшһүр болған орыс жазушысы Лев Толстойдың нақыл сөздерін ұсынамыз.

  • Арада махаббат оты бар неке ғана бақытқа кенелтеді.
  • Шындық, мейірімділік, қарапайымдылық жоқ жерде ұлықтық болмайды.
  • Адамдардың бір-бірін дұрыс танымауы немесе шамадан тыс тануы олардың жақындасуына кедергі болады.
  • Адамның көркі - дұрыс өмір сүруінде, өмірдің көркі - еңбекте. 
  • Көп адамның істері мен ойлары ақыл арқылы табылған нәрсе емес. Көп жағдайда еліктеудің нәтижесі.
  • Тіпті сәбилермен де шыншыл бол. Оларға өтірік айту арқылы жалған сөзге тәрбиелейміз. Балаларды тәрбиелеудің жалғыз жолы - олармен шыншыл болу.
  • Өмірде ештеңе тектен-тек болмайды. Біз тағдырды қабылдамаймыз, қайта соны жасаушымыз.
  • Білімнің санынан гөрі сапасы маңыздырақ. Көп нәрсені біле тұра, ең маңызды нәрсені білмеу - білімді пайдасыз етеді.
  • Ұлы шындықтар әрқашан түсінікті және қарапайым.
  • Ең ұлы билік - өз-өзіңді билеу.
  • Тәрбиелеу - адам бойынан ұждан мен арды ояту ғана.
  • Уақыт бір орында тұрмайды. Бірақ айтылған сөз бен істелеген іс сол күйі қалады.
  • Өлім туралы ойлар өмір сүру үшін қажет.
  • Салдары үлкен ойлар әрқашан қарапайым болып келеді.
  • Бақытты отбасылар бір-біріне ұқсас келеді. Ал  әр бақытсыз шаңырақтың өзіне тән қиындықтары бар.
  • Бізді біреу сүйгенде, өзгелерден артық екенмін деген ойға келуіміз мүмкін. Шындығында, адам махаббатын өзі жақсы болып, кеудесі кең болғандықтан ғана төгеді.
  • Өз-өзіңді сыйлау мен өзімшілдік екі бөлек нәрсе.
  • Жақсылықты құпия түрде жаса, сонда біреуге көмек көрсеткендіктің тәтті дәмін сезе аласың.
  • Ғылымның мақсаты - адамға қызмет ету.
  • Жүрекпен істелген жақсылық ең алдымен өзіңе пайда.
  • Шынайы бақыт - өзгелер үшін өмір сүру.
  • Ұстаз өз ісін сүйсе, жақсы оқытушы болатыны анық.
  • Қызға еліктейтін жігіттің сүйкімсіздігі секілді, жігітке ұқсағысы келетін қыз да тартымды болмайды.
  • Көпшілікпен өмір сүре отырып, жалғыз қалған кездегі тапқан ойларыңды ұмытпа. Жалғыз қалған кезде көпшілікпен араласқан кездегі ұққан нәрселерің туралы ойлан.
  • Өмір таусылмас қуанышпен өтуі тиіс. Басқа қандай қайғы келсе де, өмірді бақытты, қуанышқа толы етуге болады.

сурет: snob.ru