Иоганн Бахтың өмір жолы

Иоганн Бахтың өмір жолы

Бүгін ардақты массагеттіктерге ұлы композитор Бах Иоганн Себастьянның өмір жолы туралы әңгімелеп бермекпіз. 

Иоганн Себастьян Германиядағы атақты музыканттар отбасында дүниеге келген. Тіпті оның аталары да ерекше музыкалық қабілетке ие болған. Мысалы, Фейт Бах, Иоганнес Бах секілді адамдар музыкалық қабілетімен руының абыройын асқақтатып жүрді. Олардың отбасыларының танымалдығы сонша, «Bach» сөзі қалада "қала музыканты" деген ұғымда қолданылды.

Бахтың әкесі Иоганн Амвройский қаладағы танымал музыканттардың бірі болған. Иоганн Себастьянның ағасы Иоганн Кристоф органшы ретінде халыққа танымал болды. Осылардың әсері болса керек, Бах жастайынан көркем дыбыстарды құлағына сіңіріп өсті.

ыв1693 жылы Бах шіркеу мектебіне оқуға түседі. 

1695 жылы Иоганн Себастьян ата-анасынан айырылады. Осылайша ол Ордфурдағы ағасының қолына өтеді.

1695 – 1700 жылдары Ордфурда мектеп оқи жүріп, музыкамен де айналысты. Түнде ай жарығымен ағасының дәптерінен ноталарды көшіріп жүріп, ақыры көзінің көруі қатты нашарлайды. Осыдан соң, мектептегі мұғалімі оған Люнебургке ауысуға кеңес береді. Бах сонда ауысып, органшы Георг Бёмнен тәлім алады. 

1702 жылы мектепті бітірген соң, университетке түсуге мүмкіндік алады. Дегенмен қаражат жеткіліксіздігінің себебінен, туған ауылы Тюрингияға оралады. Осында ханзада Иоганна Эрнеста Саксонскийдің жеке капелласында скрипкашы болып қызмет атқарады. Кейінірек Арнштадтқа көшіп, сол жақта 4 жыл өмірін өткізеді. 

1703 – 1707 жылдар. Арнштадт. Бах шіркеуде органшы болып қызмет атқара жүріп, танымал музыканттардың техникасын зерттейді. 

Жалғасы мына жерде

сурет: mp3dot.ru, univertut.com