Перудегі су түзетін жарнама тақтасы

Перудегі су түзетін жарнама тақтасы

Перуандағы тау-кен университеті “Mayo DraftFCB” жарнама агеттігімен бірлесе отырып, Лима қаласында ауадан су конденсациялайтын тақта орналастырды.

Жарнама тақтасы өнімді ұсынып қана қоймай, сонымен қатар ауызсу тапшылығынан зардап шегіп келе жатқан халықтарға көп септесіп, бірқатар проблемалардың басын алмақ. 

Алғашқы орнатылған күннен бастап аталған дүние үш айдың ішінде 9450 литр су түзіп шыққан. Бес көліктің күші бар әрі карбонды фильтр мен конденсатор көмегіне жүгінетін зат тұрақты түрде құрғақтықты сұйықтыққа айналдырып отырады.

Өнертапқыштардың сөзіне сенсек, жаз ыстығының аптапты күндерінің өзінде 100 литрге жуық су жинай алатын көрінеді. Өз кезегінде елді-мекен жұртшылығына ауызсу тұтыну біршама арзанға түспек...
сурет:subscribe.ru
Дайындаған: Фараби Арыстанбек
Л. Лига