Ай бетінде белгісіз объект жүр

Ай бетінде белгісіз объект жүр

Таяуда Youtube-та Ай бетінде ұшып жүрген белгісіз бір объект туралы бейнебаян пайда болды. Әлгі құпия, бізге беймәлім обьектіні көпшілігі басқа планеталық кеме деп санап отыр.

Беймәлім обьект Ай бетінің көлеңке жақ тұсынан шыға келеді. Жіті назар салып қарасаңыз, онда көлбей ұшқан әлгі дененің табақшаға ұқсас екенін аңғаруға болады. Бұл не болуы мүмкін? Құс па? Аққан жұлдыз ба? Немесе басқа планетадан зерттеу үшін келген кеме ме?

Естеріңізге сала отырсақ, соңғы уақытта Жердің айналасындағы белсенділік туралы НЛО қайта сөз қозғай бастап еді. Мәселен, 2012 жылы Жер айналасы түсірілген бір бейнебаянда екі беймәлім обьектіні байқаған. Одан қала берді, өткен жылдың соңғы үш айында Қытай мен Үндістан шекарасында 300-ден аса белгісіз ұшпа денелер (UFO) пайда бола бастапты. Алайда, олар туралы әлі күнге нақты дерек жоқ. 

сурет:3dtaganrog.ru

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига