ҰБТ-ға дайындалудың тиімді әдістері

ҰБТ-ға дайындалудың тиімді әдістері

Массагет ұжымы сіздерге алдағы күнде сәттілік тілей отырып, ҰБТ-дан жақсы балл алуларыңыз үшін тиімді әдістер ұсынады. Жекелеген пәндерде бастарыңыз қатып жүрсе, онда оның түк те қиындығы жоқ.

ҰБТ-ға санаулы-ақ ай қалды. Егер сен әлі дайындықты бастамасаң, саған мектеп бағдарламасындағы барлық оқулықты меңгеру қиынға соғады.

Әйтсе де, керекті материалдарды игеріп, бос уақытты дұрыс пайдаланатын кез келді. Үш түстің пайдалану ережесі бойынша бұған қол жеткіз.

Не істеу керек:

1. Massaget.kz cайтына кіріп, сынақ тестілеуін тапсыру.

2. Үш түрлі қаламсап алу: көк, жасыл және қызыл!

Көк сиялы қаламмен өзің жауабын білетін сұрақтардың тұсына белгі соқ!
Ал қиналып болса да жауап беретін, жауабыңа сенімсіз қарайтын сұрақтар тұсын жасыл сиялы қаламмен белгіле.

Өзің мүлде білмейтін сұрақтар тұсына қызыл сиялы қаламды қолдан.

Егер онлайн түрінде тапсырсаң, сұрақ нөмірін жазып ал. Ал бақылау кітапшаларына келетін болсақ, міндетті түрде  белгі қоюды ұмытпа?!

Әртүрлі түстегі жауаптар арқылы, сен өз деңгейіңді көресің. Әрі осал тұстарыңды анықтап аласың.

Осылардан соң қайталауға көшуге болады. Қызыл сиямен белгіленген сұрақтарды үсті-үстіне қайталап, осы орайлас тақырыптарды жан-жақты қарастыр. Әрі қарай  өзің білетін тақырыптарға көз қырын  салсаң да жеткілікті.

Қауіп тудыратын күмәнді сұрақтарды әр күнгі жоспарға  белгілеп қойып, тиянақты және тыңғылықты жұмыс атқар.

Ми клеткаларын жақсы жұмыс істету үшін мынаны да ескер. Әр 40 минуттық оқу аралығында 10 минуттық үзіліс жариялап тұру керек. Таза ауада тыныстап алған да дұрыс.

Аяғында оқу жоспарын бір қарап шық. Сол арқылы сенің қызылды-жасылды түстегі сұрақтарға деген жауапкершілігің көрінеді. Бұл сенің болашақтағы ұмытып қалмауың үшін жасалған қадам.

Форумда талқылау

Сурет: almatycity.olx.kz

Ж. FM