- Негізгі бет
- Гуманитарлық ғылымдар
- Қалпына келетін полимерлік...
Қалпына келетін полимерлік "тері" жасалды
Американдық инженерлер кесіліп немесе бүлінген жағдайда қалпына келетін полимерлі "тері" жасап шығарды. Материал тек механикалық қана емес, сонымен бірге электрөткізгіш қасиетін де сақтайды екен.
Жаңа материал супрамолекулярлық органикалық полимерден және никельдің нанобөлшектерінен тұрады. Полимер материалға жұмсақтық және бүлінген жағдайда қалпына келетін қасиет берсе, никель оны жақсы электрөткізгіш ретінде сақтайды.
Ғалымдар осы "теріге" сынама жүргізіп, оны кесіп тастаған. Арада 15 секунд уақыт өткеннен соң, материал қайтадан бастапқы қалпына 98 пайыз дәлдікпен келген.
Жалпы бұл осындай қасиетке ие алғашқы материал емес еді. Бірақ жаңа материалдың осыған дейінгілерден айырмашылығы электр тогын өткізіп қана қоймай, бастапқы қалпына келе алатындығы болып отыр. Сондықтан ғалымдардың бұл жетістігін болашақта күнделікті өмірімізден көріп қалуымыз мүмкін.
Дайындаған: Болат Қосмағамбет
сурет: zhelezyaka.com
Б. Қосмағамбет